Шелек ауылында автобекет базарға айналып, көліктер көшеге ысырылды

«Жабайы сауда автобекетті басып алды». Шелек ауылы тұрғындары осылай деп арнамызға шағымданды. Ауылдағы автобекет базарға айналып, көліктер көшеге ысырылды. Ал қоғамдық көліктің жоқтығынан тұрғындардың қала қатынуы тіпті қиын. Осындай ахуалға тап болған  тұрғындар  мәселенің шешімін талап етуде.


Шелек ауылында инфрақұрылым мәселесі әлі де өзекті. Бір кездері қызмет еткен автобекеттің орнына қазір базар бой көтерген. Ал көшелер болса әлі де жөндеуді күтіп тұр.

Тұрғындар қыстың ызғары мен  жаздың аптап ыстығында автобусты  осы жерден күтуге мәжбүр. Ал автобекет тұрағын  саудагерлер  базарға айналдырып жіберген. «Жер жеке-меншік. Алайда санитарлық тазалық пен инфрақұрылым мүлдем жоқ» дейді тұрғындар.  


ДУМАН ИМАШЕВ   
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Негізі көше, өтіп жатқан Қайыпов көшесі. Автобекетті жауып тастаған да, базар жасап алған. Не адамды өткізбейді. Мына машинаның бәрі мынау көрдіңіз ба, лавкаларды қойып тастаған екі жақтап. Түгел лавкалар. Бұл лавкалар болмау керек, олардың жанында машиналар тұратын орын. Енді олардың бәрін жауып тастаған соң машиналар не істейді? Ана біздің дворға кіреді. СКЛ. Кемпірді қақтық, жас балаларды постоянно қағады. Жиі-жиі қағады. Ит дегендеріңіз ағыл тегіл мына жерде жүрген.»

Тұрғындар әкімдікке бірнеше рет арыз-шағым жазғанымен, нәтиже жоқ. Ауыл ішінде жөндеуді қажет ететін көшелер көп. Көшелер жөнделсе, базардың мәселесі шешіледі» - дейді ауыл басшылығы. Алайда жұмыстың биыл бітпейтіні анық.  

БАҒЛАН БОЖБАНОВА 
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«Жекелердің қолына беріп тастадыңыздар мына автостанцияның орнын. Халыққа ана жер ыңғайсыз ғой. Ертең біреуді қағып кетеді. Біреу жан тапсырады. Сол кезде кім жауапты. Неге орын саудагерлерге беріледі де, халықтың ауылға қатынайтын автобустарының бәрі көшеде, қарбаласта тұру керек. Неге ана жылы жерде диспетчер мен водитель ғана отыру керек?»


ҚУАТ ӘБДІӘКІМОВ 
 ШЕЛЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Бекет негізгі нысаналы мақсаты – бекет базар. Оны отед предпринимательство ғана көрсете алады документтерін и мына базардың администрациясы мысалы үшін тамақ дайындайды. Сататын нан ғана ғой. Бәрі жолдың бойында. Он жеті көше біде қазір мердігер компания беогілі болды. Сол көшелердің бәрін жасап, реттелгеннен кейін мына көшенің бәрін жасап, ашатындарын ашатын боламыз.» 

Шелек ауылында әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі - ауыл мен қала арасында қатынайтын қоғамдық көліктің жоқтығы. Ал жолаушылар болса күн сайын қалаға таксимен қатынауға мәжбүр. 


ДӘУРЕН БАҚБЕРГЕН
 АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«Бізде Алматыға қатынайтын қолжетімді көлік жоқ. Яғни автобус жоқ бізде.  Автобекетіміз бар да. Бірақ Алматыға қатынай алмаймыз. Мысалы адам басына 2500-3000 теңге адам басына. Екі үш адаммен барсаң қалаға барып келсең жиырма мың кетіп қалады.»

Елімізде алдағы үш жыл ішінде сауда орындарының жетпіс пайызын моденизациялау жоспарланған. Биыл жаңғыртудан өтпеген базар иелеріне әкімшілік шара қолданылатыны да айтылды. Талап орындалмаған жағдайда айыппұл салынып, тіпті сауда нысанының қызметі тоқтатылуы мүмкін. 

Сондай-ақ оқыңыз: