Іле ауданында жасөспірімдер арасында лудоманияның алдын алу бойынша семинар-тренинг өтті

Іле ауданында жасөспірімдер арасында лудоманияның алдын алу бойынша семинар-тренинг өтті.  Бұл күрделі әлеуметтік мәселе  үнемі қоғам назарында. Бейресми деректерге сәйкес Қазақстанда шамамен 700 мың адам құмар ойынға тәуелді.

Бұл – оңалту  орталықтағындағы  топтық терапия. Мұнда химиялық және химиялық емес тәуелділігі бар адамдар ем қабылдайды. Яғни, ішімдік, нашақорлық пен  лудоманиядан зардап шегетін жандар.   Семен бұл жерге 2 ай бұрын келді.

СЕМЕН МОКРУШКО
ЛУДОМАН 
«5 жыл бойы ойынқұмармын. 30 миллион теңге қарызға баттым. Ата-анам бәрін білді. Алғашында ақшаны  аздан сұрайтынмын.  Кейін үлкен сома ұтылғанымды айттым. Бірақ қазір жұмысым да қарызды өтеуге мүмкіндігім де жоқ»

Реабилитациялық орталықтың жетекшісі, клиникалық психолог Антон Лапшин әртүрлі тәуелділігі бар адамдарға өз ауруын түсінуге көмектеседі. Бұл – ұзақ әрі күрделі емделу процесінің маңызды бөлігі.

АНТОН ЛАПШИН
ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ 
Аударма -  «Осында емделіп жатқан жандардың оқиғалары әрқилы. Біреу  5 миллион теңге ұтылса, тағы бірі  миллиард теңгеге белшеден батқан. Көбіне аралас тәуелділік кездеседі: негізгісі – құмар ойын, бірақ оған алкоголь мен есірткі қосылады»  

Семен  екі айда  көп нәрсені сана сүзгісінен өткізіп, оңбай шалыс басқанын түсінді. Дертпен күресте  тек белсенді болу керектігін ұқты. 

СЕМЕН МОКРУШКО
ЛУДОМАН 
«Барлығына өзім кінәлімін. Терапиядан өтсем, бұл әдеттен арыламын деп ойлаймын. Бір жыл осында боламын. Кейін осы орталықта волонтер болып қалғым келеді» 

Көп жағдайда мұндай қиындыққа тап болған адамдар үшін ең ауыр қадам – мәселені мойындап, көмек сұрау. Орталық толық сауығып кетуге кепілдік бермейді, бірақ көмек сұрағандарға қолдау көрсетуге дайын.

Бұл кейіпкерлердің оқиғалары – жастарға қатаң ескерту. Өтеген Батыр кентінде өткен семинарда лудоманияның алдын алу мәселесі көтеріліп, мамандар  одан сақтану жолдарын ұсынды. Ойынқұмарлық – қоғам дерті. Ол тек бір адамның емес, тұтас отбасының тағдырына әсер етіп, әлеуметтік мәселелердің ушығуына әкеледі.

ГҮЛНӘР ЖОШЫБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ 
«Компьютерлік ойындар арқылы олар ставка қойып, өздері әке-шешелерінің қаржыларын жоғалтуда. Әртүрлі қайталанбас келеңсіз оқиғаларға ұшырап жатыр. Жалпы лудомания ең қауіпті дертке айналып отыр. Сол лудомания кесірінен қаншама шаңырақ ойрандалып, қаншама отбасы ажырасып, мысалы жұмыстарынан айырылып жастар және ең соңы бұл суицидке. Өлімге әкеліп жатқан жағдайлар кездесіп жатыр» 

Жастар арасында бұл мәселенің белең алуы алаңдатады. Сондықтан ойынқұмарлықтың алдын алу, зиянын ерте жастан түсіндіру – қоғам болып атқаратын маңызды міндет» дейді ұйымдастырушылар. 

Сондай-ақ оқыңыз: