Алматы облысының таулы аймақтарында сел жүру қаупі бар
Облыстың кей аудандарында су тасқыны қауіпі төніп тұр. Апаттың алдын алу мақсатында «Қазселденқорғау» қызметінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Қауіпсіздік ісінде заманауи технологиялардың да айтарлықтай пайдасы тиіп жатқан көрінеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында 285 мұздық көл мен 57 сел жүру қаупі жоғары аймақ бар. Соның ішінде 76 көл аса қауіпті аймақ саналады, олардың 5-еуі ерекше бақылауда. Бұл жұмыстармен «Қазселденқорғау» табиғи апаттардан қорғайтын негізгі құрылым айналысып жатыр.
ДАСТАН ЖОЛДАСБЕКОВ
"ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ" ММ ФИЛИАЛ БАСШЫСЫ
Аударма: «Біздің негізгі міндетіміз — тұрғындар мен аймақтарды сел, көшкін және қар көшкінінен қорғау. Филиал құрамында алты өндірістік-пайдалану бөлімі бар. Жалпы штат саны — 102 адам: оларды 92-і тұрақты қызметкер,10-ы маусымдық бақылаушы. Бір миллион текше метр су жарылған жағдайда оның көлемі 5–10 есеге дейін ұлғайып, үлкен зиян келтіруі мүмкін. Сол үшін бізге жүктелген міндеп аса маңызды.»
Бақылаушылар тәулік бойы су деңгейін қадағалап, қауіп туындаған сәтте бірден диспетчерлерге хабар береді. Барлық мәлімет орталыққа келіп түсіп, сол жерде шұғыл шешім қабылданады.
ДАСТАН ЖОЛДАСБЕКОВ
"ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ" ММ ФИЛИАЛ БАСШЫСЫ
«Қауіпті азайту үшін жыл сайын судың деңгейі қауіпсіз межеге дейін төмендетіледі. Таулы аймақтарда 19 тұрақты және 14 маусымдық бекет жұмыс істейді. Мысалы екі жыл бұрын сел қаупіне байланысты Түрген және Талғар шатқалдары жабылған болатын. Сонымен қатар жыл сайын батиметриялық зерттеулер жүргізіледі.»
Қауіпсіздік заманауи технологиялардың көмегімен күшейтілуде. Гидробекеттерде автоматтандырылған бақылау жүйелері енгізіліп, мәліметтер автоматты түрде жинақталып жатыр. Ел бойынша мұндай құрылғылардың саны екеу ғана, соның бірі Алматы облысында.
ТЕМІРХАН БЕГІНОВ
«БАТАН» ГИДРОБЕКЕТІНІҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ:
«Заман талабына сай осындай құрылғылармен қамтамасыз етілді. Заманауи құлақтандыру желісімен қамтамасыз етілді. Бұрынғыдай қолмен ештеңе істелмейді. Барлығы автоматтандырылған.»
Қазіргі уақытта қар көшкіні қаупі сақталып отыр, осыған байланысты мамандар Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуды ескертеді.