Теміржол өткеліндегі көлік апаты
Алматы–Боралдай бағытындағы теміржол өткелінде апат тіркелді. Пойыз бен автобус соқтығысып, салдарынан алты адам жарақат алды. Бұл өткелде көлік кептелісі жиі туындайды. Жергілікті тұрғындар мен жүргізушілер мәселені шешуді талап етуде.
Оқиға Боралдай мен Шамалған станциясы арасындағы өткелде болған. Пойыз қалыпты үрдіспен өз бағытында қозғалған, ал автобус жүргізушісі өткелден өтпек болып, қауіпсіздік ережесін елемеген. Жалпы бұл бұл өткел көріп тұрғандарыңыздай жүргізушілер үшін «тәуекел нүктесі» деуге болады. Мұнда кептеліс жиі орнайды. Әрі қозғалысқа да ыңғайсыз. Бір сәттік асығыс шешімнің өзі үлкен апатқа әкелуі мүмкін.
Өкінішке қарай, мұндай жол-көлік оқиғасы алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Жарақат алғандардың үшеуі Іле аудандық ауруханаға жеткізілсе, қалған үш науқас Боралдай кентіндегі ауруханада ем қабылдап жатыр.
АҚНИЕТ ТАЙБАҒАРОВ
АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«30 наурыз күні сағат кешкі сегіз жарым шамаларында жол көлік оғиғасына байланысты бізге жедел жәрдеммен үш науқас жеткізілді. Үш науқасқа қабылдау бөлімі деңгейінде медициналық кһмек көрсетіліп, амбулаторлы емге жіберілді. СКЛ. Бет жарақаты, кеуде қуысы жарақаты. Қабылдау бөлімі дәрігерлерімен тексерістер жүргізілді.»
Ал онсыз да тар жолда жол жүру ережесін өрсекел бұзған қоғамдық көлік жүргізушісі жауапқа тартылды.
ЕРНАР САЙДИЛЬДИН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ
«Полиция қызметкерлері Алматы-Боралдай-Шамалған станциясындағы автожолындағы теміржол өткелінде жол көлік оиғасын жасаған маршруттық автобустың жүргізушісін жауапкершілікке тартты. Алдын ала мәліметтер бойынша көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы қозғалып келе жатқан. Маршруттық автобус жүргізуші жол бермей соқтығусуға жол берген.Қазіргі уақытта жол көлік оқиғасынынң барлық мән жайын анықтауға бағытталған тексеру жүргізілуде.»
Облыстық маңызы бар бұл жолмен тәулігіне 10 мыңнан астам көлік қатынайды. Тұрғындардың айтуынша, аталған учаскеде көлік кептелісі күнделікті қалыпты жағдайға айналған.
Өткел маңындағы жаяу жүргіншілер жолы тар әрі қолайсыз. Көшедегі шұңқырлар да көзге бірден түсіп, қозғалысқа айтарлықтай қауіп төндіреді. Алматы-Боралдай бағытындағы өткелде соңғы рет жаңғырту жұмысы 2008 жылы жүргізілген. Биыл бұл учаскені қайта жөндеуге жеті миллиард теңге бөлінді. Жыл соңына дейін ұзындығы жеті шақырымдық теміржол желісін жаңғырту толық аяқталуы тиіс. «Алайда жолды кеңейту мәселесі әзірге жоспарға енгізілмеді»-дейді аудан басшылығы.
БАҚЫТЖАН ЕГІЗБАЕВ
БОРАЛДАЙ КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қазір мынау Боралдай кентінің ішін кесіп өтіп жатқан аэродромный деген көше. Бұл облыстық маңызы бар жол. СКЛ. Автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасымен 2024 жылдан бастап проект бар. Биылғы жылы нақты осы Боралдай кенті арқылы өтетін жұмыс басталуда. Мердігер мекемемен осы аптада кездестік және анықтадық қанша жұмыс жасалытанынын. Қай кезде басталатынын. Мамыр айына жоспарлап отыр ол кісілер. СКЛ. Қажеттіліг жоқ кеңейтуге. Барлық прдупреждающие знак все стоят.»
Боралдай кентінде елу мыңға жуық халық тұрады. Жаяу жүргіншілер жолы өткелмен бірге жаңғыртылғанымен, инфрақұрылым мәселесі толық шешімін табады деген нақты кепіл жоқ. Сондықтан тұрғындар жолды кеңейту мәселесін күн тәртібіне қойып, тиісті шаралар қолданылуын талап етіп отыр.