Марат Сұлтанғазиев Үрімжідегі ЖОО-да білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті

Шетелде білім алып жүрген жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау үлкен жауапкершілік жүктейді. Қытайдың Шыңжан аймағына жұмыс сапарымен барған  Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Үрімжідегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.  Аймақ басшысы студенттердің оқу үлгерімімен қатар, тұрмыстық жағдайларымен танысты.  Жастар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, шетелдегі білім алу тәжірибелерімен бөлісті.

Үрімжі қаласында орналасқан жоғары оқу орындарында биыл Алматы облысы акімінің грантын еншілеген 27 студент білім алып жатыр. Кезекті сапар аясында аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев Шыңжаң медециналық университетіне арнайы ат басын бұрып, өңірден шығып осында білім алып жатқан білмімгермен кездесіп хал жағдайларын сұрап білді.

Аймақ басшысы бастаған арнайы делегация  Шыңжаң медециналық университетіне табан тіреді. Жоғары оқу орында қазақстандық  66 шәкірт әр түрлі мамандықтар бойынша тәлім алады. Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы жастар жатақанасын  аралап, тұрмыстық жағдайларын сұрап білді. Жат жерде еш қиындық көріп жүрген жоқпыз деген білімгерлер, экономикасы дамыған алып елде алаңсыз білім алуға зор мүмкіндік алғандарына дән риза екендерін жеткізді.

АЯУЛЫМ АРЫСТАНБЕКОВА
СТУДЕНТ 
«Алматы облысы Қонаев қаласынан болам. Осы облыс әкімінің грантымен білім алудамын. Менің ойымша бұл грант тек қаржылай қолдау ғана емес, бұл үлкен мүмкіндік. Өзім Шинжияң қаржы және економика университетінде оқып жатырмын. Университетін өзіме қатты ұнайды. Өзім қызығатын мамандықты тауып оқып жатырмын»

СӘУЛЕТ ТОҚАШБАЙ
СТУДЕНТ
«Мен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданынан келдім. Бірінші жылы оқып жатырмын. Болашақта елге барып ауылшаруашылығын дамыту басты мақсатым. Бізге осындай мүмкіндік беріп отырған облыс әкіміне алғысымды айтамын»

Өткен жылы Қытай Халық Республикасының Синьцзянь университетіне өңірімізден іріктелген 12 түлек тегін білім алуға аттанған болса, биыл осы қаладағы жоғары оқу орындарына тағы 27 студент келіп түсті. Ал келесі оқу жылы облыс әкімінің қолдауымен Синьцзянь университетіне 30, Цинхай провинциясына 10, Шаньдун университетіне тағы 5 түлекке тегін білім алу гранты берілмек. Үрімжідегі студенттермен кездесуде аймақ басшысы бұл грант тек тегін білім алып білікті маман атану ғана емес, ел болашағы жастарға салынған  үлкен инвеститция екенін атап өтті. 

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Туған жерде сіздерді ауқымды жұмыспен зор мүмкіндіктер күтіп тұр. Бүгінде біздің облыста Қытай капиталымен 143 компания жұмыс жасайды. Сонымен қатар өңірімізде академиялық және ғылми қалашық қалыптастыру жұмыстары қолға алынуда. Жоба аясында Қытайдың жетекші университеттер филиялын ашу да жоспарда. Бұл нысандар Қытай тілінін жетік меңгерген халқаралық кәсіби менеджметті білетін кәсіби мамандарды қажет етеді деп ойлаймын. Сондықтан сапалы білім алып, бәсекеге қабылетті болу бүгінгі күннің талабы» 

Туған елден келген делегацияны жылы жүзбен қарсы алған қазақ жастары зор қуаныштарын жасырмады. Ел ағаларымен қимай қоштасты. Осыдан кейін Марат Елеусізұлы Шыңжияң ұйғыр автономиялы өлкесінің төрағасы Еркін Туниязбен жүздесіп, қос өңір арасындағы әріптестік серіктестікті нығайту жолдарын талқылады. Орайлы сәтте аймақ басшысы жергілікті телеарна тілшілерін де қабылдап, арнайы сұқбат берді. Ал делегация сапары енді Циан қаласында жалғасады. 

Сондай-ақ оқыңыз: