Алматыда халықаралық медициналық туризм форумы ұйымдастырылды

Алматыда халықаралық медициналық туризм форумы ұйымдастырылды. Іс-шара аясында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Үндістанның ірі медициналық клиникасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Құжат екі ел арасындағы медициналық туризмді дамытуға жаңа серпін бермек. Үндістандық жетекші клиникалар қазақстандық студенттерге 500 оқу грантын бөлуді жоспарлап отыр. Сала өкілдері отандық медицинаның әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Мамандардың пікірінше, Үндістанда медициналық туризм экономиканың негізгі секторының біріне айналған. Бұл тәжірибені Қазақстанда да қолдану маңызды. Былтыр елімізге үнді елінен 86 мың турист келді. Форум барысында нейрохирургия мен онкология салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.


ЖАНИЯ ЕЛЕМЕС
МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ 
«Үш жыл бұрын өмірім күрт өзгерді. Обырға шалдығып, Үндістанға барып емделдім. Сол жерде дертімнен айықтым. Ендігі мақсатым – көпшілікке көмек көрсету және екі ел арасындағы медициналық туризмді дамыту»

ШРИ ХОТИ ЛАЛ
ҮНДІСТАН ЕЛШІЛІГІНІҢ ӨКІЛІ

«Қазақстан азаматтары  үшін бір айға дейін тегін медициналық визалар қарастырылған. Осындай мүмкіндіктерді пайдалану керек. Екі ел арасындағы қарым-қатынас салалық байланыстар арқылы одан әрі дами бермек»

Сондай-ақ оқыңыз: