Құрылыс кеңесі құрылды
Алматы облысында инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы дамыту жұмыстарын бақылау күшейтіледі. Ол үшін облыстық мәслихат жанынан сәулет және қала құрылысы кеңесі құрылады.
Кеңес тұрғын үй құрылысы, ренновация жұмыстары және әлеуметтік осал топтарды қолдау мәселелерімен айналысады. Өткен жылы үй кезегінде тұрған азаматтар үшін 1500 жалдамалы баспана сатып алынды. Биыл бұл мақсатқа 5,3 миллиард теңге қарастырылып отыр. Өңірде қауіпсіздік мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда мыңнан астам су өткізу нысаны мен ондаған көпір тазартылып, негізгі инфрақұрылымдық нысандарды жөндеу және су тасқынына дайындық жұмыстары жалғасуда.
БОЛАТ МҰСЫЛМАНБЕКОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Бұрынғы таңда бұл заң бекітілмей тұра, тек қана ерекше статусы бар Алматы қаласы мен Астана қаласында ғана қалалық кеңес болған, жұмыс жасаған. Енді ол жерде сыртқы ғимараттың келбеті, оның сәулеті, құрылымдары қарастырылған. Облыстарда ондай мүмкіншілік болған жоқ. Өйткені кезінде ол барьер деп есептелген. СКЛ Осы сәулет, инденерлік жүйе, оның биіктігі, оның тығыздылығы басқа да сұрақтары сол кеңесте сол сұрақтарды қарайтын болады»