Алатау қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде

Алатау қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта  «Stop коррупция» атты семинар ұйымдастырылып, оған 16 мектептің ұстаздары  қатысты. Жиында сыбайлас жемқорлықпен күресте  мектептің рөлі кеңінен талқыланды. Бұдан бөлек, Алатауда «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» сынды акциялар тұрақты түрде өткізіліп келеді. «Осындай  іс-шаралар балаға дұрыс тәрбие беріп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға  оң ықпал етеді» дейді мамандар.

БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ 
АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ 
Аударма - “Алатау қаласында сыбайлас жемқорлық,  пара алу немесе беру фактілері тіркелген жоқ. Алайда  өткен жылдың қорытындысы бойынша брқатар  прокурорлық қадағалау актілері жасалды. Соның нәтижесінде «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 50-бабына сәйкес  кейбір лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды” 

Сондай-ақ оқыңыз: