Қонаев қаласында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асып келеді
Қонаев қаласында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асып келеді. Мысалы, Ахмет Жұбанов атындағы №5 орта мектеп ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысы. 1200 орынға арналған білім ордасындағы құрылыс-монтаж жұмыстары бүгінде 80 пайызға орындалған. Бұдан бөлек, көшелерді жөндеп, абаттандыру жұмысы басталды.
Мектеп ішінде әрлеу жұмыстары толық аяқталып, электр желілері тартылған, инженерлік коммуникациялар жаңартылған. Сонымен қатар орталықтандырылған сервер орнатылып, спорт және акт залдары мен асхана толық жөндеуден өткен. Қазір білім ошағының айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, Қонаев қаласында 14 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Ал алдағы уақытта Ш. Уәлиханов атындағы №2 гимназияға да күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.
ДУМАН МОЛБАЙ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
«Основной жұмыс благоустройство қалып тұр. Жаңағы благоустройство бітсе, уже почти уже 90 пайыз бітті деп айтсақ болады. Благоустройство жаңағы асфальт, бордюр и осы жақтың брусчаткасы. Проектіде қарастырылмаған "Армстронг", жаңағы сметада саналған арзан есіктер, 15-20 мың теңгелік есіктер, оның орнына жаңағы сіздерге көрсеткендей, "Келешек мектептеріндегідей" жаңағы ішінде қымбат-қымбат есіктер салынған болатын»
Қонаев қаласында білім беру саласымен қатар, жол инфрақұрылымы да кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Бұл тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Осы ретте қаладағы ірі көшелердің бірі Мұхтар Әуезов көшесінде қайта жаңғырту жұмыстары басталды.
Жобаға сәйкес, жол екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейтіледі. Көше ені 14 метрге дейін ұлғайып, ұзындығы 1,2 шақырымды құрайды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады.
БАҒДАТ АЛИЕВ
ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Бүгінгі таңда аталған жобамыздың жер жұмыстары басталып, жыл соңына дейін аяқталады деген жоспарымыз бар. Жоба бойынша су өткізу арықтары қарастырылып, сонымен қатар жарықтандыру да қарастырылған болатын. Жалпы жоба бойынша бізде жолдың ұзындығы 1,2 шақырымды құрайды. Одан бөлек бізде 34 метрді құрайтын Шорғалысай каналынан өтетін автомобиль көпірі салынады деп жоспарлап отырмыз»
Жаңғыртудан кейін бұл көше қаладағы негізгі қозғалыс бағыттарының біріне айналады деп күтілуде. Әсіресе жаз мезгілінде байқалатын көлік тығынын азайтып, жол қозғалысын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.