230 мың адам скринингтен өтті

Өткен жылы елімізде онкологиялық өлім-жітім көрсеткіші 14%-ға төмендеді. Десе де науқастар саны күн санап артып келді. Бүгінде еліміз бойынша 240 мың адам қатерлі ісікпен ауырады. Оның ішінде 2025 жылы 41 мыңға жуық азаматқа бұл диягноз алғаш рет қойылған. Бұл туралы Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында өткен «Онкологияға қарсы» ашық есік күнінде айтылды.

Аты жаман ауруды құлағымыз шалмай ақ қойса дейміз. Алайда Алматы облысындағы статистика да көңіл құлазытады. Бүгінде облыста онкологиялық есепте 12 285 науқас тіркеуде тұр. Былтыр 2 222 науқас жаңадан есепке алынса, 716 адам опат болды. Деседе уақтылы скринктік тексерулер мен емдеу  нәтижесінде өлім-жітім көрсеткіші 14%-ға төмендеді дейді дәрігерлер.

ДӘУЛЕТ АЙДАРОВ 
ДӘРІГЕР-ОНКОЛОГ 
«Алдын алу бойынша бізде профилактикалық тексерулер скрингтік бағдарламалар жәнеде біздің клникамызда жылжымалы медециналық кешен жұмыс істейді. Бұл жерде шалғай ауыл елді мекендегі келу кету мүмкіндігі жоқ адамдарға қолайлы жағдай жасадық. Ал науқас тұрғылықты мекен жайы бойынша есепке алынған уақыттан бастап, мемлекет тараптан берілетін көмек ретінде барлық ем түрі тегін»

Өткен жылы Алматы облысынан 230 мыңға жуық азамат скринингтік тексерістен өтіп, араларынан 230 қатерлі ісік сондай ақ мыңдаған обыр алды өзгерістер анықталған. Оның ішінде әйелдерде кездесетін сүт безі қатерлі ісігі  өршіп тұр. Оған қоса аты жаман ауру жылдан жалға жасарып  жатыр дейді ақхалаттылар.

ДӘУЛЕТ АЙДАРОВ 
ДӘРІГЕР-ОНКОЛОГ 
«Қазіргі таңда ең жас категорияның бірі 21 жас. Сонымен қатар жүкті әйелдердегі жүктілік пен сүт безі рагінің қатар жүруі қазір бізде өте қатты алаңдатып отыр. Бұл деген сөз дер кезінде тексерілмеу, дұрыс күтінбеу және кейбір жағдайда өзінің сондай науқас екенін біле тұра халық емшілігіне барып қаралу өте кеңінен көрніс тапқан»

«Аурудың емін іздегенше, аурмаудың жолын ізде. Сондықтан азаматтар скринктік тексеруден уақтылы өтуге баса мән беруі керек. Әрі  дұрыс тамақтанып салауатты өмір салтын ұстанып,  зиянды әдеттерден аулақ болу керек»  дейді онколог дәрігерлер.

Сондай-ақ оқыңыз: