Заңсыз сауданың алдын алуда
Алматы–Бішкек тас жолы бойында орналасқан «Апорт» сауда орталығы алдындағы аялдамада заңсыз сауданың көрігі қызады. Жайма жайғандар іштегі кәсіпкерлердің саудасына кедергі келтірумен қатар қоғамдық көлік қозғалысына қолайсыз жағдай тудырады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде жиі сөз болған еді.
Бұл кадрларға қарасақ аялдама айналасындағы жабайы сауданың қызып тұрғанын анық көруге болады. Әсіресе алып шаһардан шыққан Жамбыл және Қарасай ауданы тұрғындары үйіне бет алған шақта бұл маңда ине шаншар орын бомайды. Алайда заңсыз сауда жасағандарға бір ауыз сөзімізді өткізе алмайтынбыз» дейді сауда кешенінің басшылары.
ТАЛҒАТ ЖҰМАҒҰЛОВ
САУДА КЕШЕНІНІҢ БАС ӘКІМШІСІ
«Өз жағымыздан күзет бар, әкімшілігіміз бар біз осы жерге келіп сөйлескенде бізді ешкім тыңдамайтын. Ұрысып айқай шу көтеріп төбелесіп кететін. Сосын біз акимат полицей шақыртып сұрақтармызды шешіп отырмыз. Қазір мына жақтардың өзіне камера қойды.»
Қоғам белсенділері де ретсіз сауда бойынша Ірге ауылдық әкімдігіне бірнеше мәрте шағымданды. Әкімдік өкілдері, полиция және аудандық кәсіпкерлік бөлім бірлесіп арнайы шара жүргізген.
АРКЕН КЕНЖЕБАЙ
ІРГЕЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Басында түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Оған бұл кісілер келіспеді. Қайтадан шыға бастады. Одан кейін біз 20 шақты айыппұл салдық. Қазіргі таңда 7 құрдас әкімшілігі бар қазір екі сағат сайын кезекшілік қойдық.»
Жол бойындағы жабайы сауда аялдамада көлік күтетін жолаушыларға кедергі келтіреді.
Жауаптылардың айтуынша өткен жаңа жыл мезгілінде осы аялдама маңында жабайы сауда қыз-қыз қайнаған. Кейін әкімдіктегілердің полицейлермен бірлескен іс шарасы нәтижесінде жайма жайғандар кетіпті. Ал алдағы 8 наурыз халқаралық әйелдер күніне орай жол бойына қайта шығып заңсыз сауданың көрігін қыздырама ол қазірге белгісіз!