Алматы облысында Конституцияның жаңа жобасы жан-жақты түсіндірілуде
Алматы облысында Конституцияның жаңа жобасы жан-жақты түсіндірілуде. Ата заңға енгізілген өзгерістерді талқылау үшін мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев келді. Жамбыл ауданы халқымен жүздесуде ол «Әділдік. Сабақтастық. Өрлеу» қағидаттарына ерекше мән берді. Өз сөзінде Мәлік Отарбаев: «Дамудың жаңа кезеңі мен замана көшіне сай жаңа заң қажет. Сол арқылы елдің келешегі айқындалады. Осы аса жауапты сәтте жұрт болып жұмылудың маңыздылығын түсіну – әр азаматтың парызы» – деді.
МӘЛІК ОТАРБАЕВ
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
«Бүгінгі әділетті Қазақстанды құру, әділетті әр салада орнықтыру. Өйткені әділдік орнамай біз дами алмаймыз. + Әлем қауымдастығымен қоян қолтық араласып отырмыз ғой. Қазақстанды бүгін әділдігі орнап келе жатқан, әділдікке мән беретін, әділдікті бағалайтын, әділ шешім шығаратын ел ретінде қарап отыр.
Сонымен қатар, Президенттің кеңесшісі Қарасай ауданына ат басын бұрып, зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Басқосуда заңдағы жергілікті басқару, өңірлік даму және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі баптар талқыланды. Кездесу қатысушылары табиғатты сақтау, қоршаған ортаға қамқорлық жасау мәселелеріне ерекше мән берді.
САҒАТ МӘСІМАҚЫНОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Мына табиғатты қорғау мәселесі Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясы бойынша жылда сол бағыт бойынша жұмыс істеп келеміз. Мына халық біледі. Бұл конституция бабына кіргізіліп отыр. Екіншіден адам құқығы мен бостандығы. Мына адвокат деген сөз мына заңға еңгізіліп отыр ол бұрын болмаған»