Райымбек ауданында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында семинар өтті

Райымбек ауданында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында облыстық семинар өтті. Тағылымды басқосу Шорманов атындағы мектепте ұйымдастырылды.

Іс-шара тәрбиелік мәні зор сахналық көрініспен ашылып, оқушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді айтты. Жас буынның ой-толғамы көрерменге ерекше әсер қалдырды.Семинар барысында кибербуллинг пен буллингтің алдын алу, жасөспірімдердің мінез-құлқын қалыптастыру  мәселелері талқыланды. «Бүгінде Райымбек ауданында жастар арасында қылмыстық оқиғалардың тіркелмеуі – атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі» деді үлкендар жағы.Басқосуда әріптестер өзара тәжірибе алмасып, тиімді тәсілдерді ортаға салды. Қатысушылар үшін тренингтік ойындар ұйымдастырылып, практикалық тапсырмалар орындалды

ГАУХАР КЕҢЕСҚЫЗЫ 
РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІІҢ ӘДІСКЕРІ
 Жасөспірім бұл біздің болашақ азамат. Жасөспірім арасындағы қылмыс, құқықбұзушылық тың алдын-алу мақсатында білім беру мекемелерінде профилактикалық жұмыстар бірнеше бағытта жүргізіледі. Соның бірі, ең бастысы және мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын артыру, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану.

Сондай-ақ оқыңыз: