Талғар ауданы аумағында ски-кросстан Алматы облысының ашық чемпионаты өтті
Талғар ауданы аумағында ски-кросстан Алматы облысының ашық чемпионаты өтті. Додаға Алматы қаласы мен облысынан жүзге жуық жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарысқа қатысушылар арнайы дайындалған трассада жылдамдық пен шеберлікті сынға салды.
Жарыс басталар сәтте толқу мен қуаныш ерекше сезіледі. Тау баурайында жүзге жуық жас спортшы сынға түсті. Қатысушылардың ішінде алты жастағы Марина Кузнецова да бар. Бұл – оның алғашқы жарысы. Марина тау шаңғысы мектебіне әпкесінің ізін қуып келген. Мәреге жеткен сәтте оны әкесі қарсы алды.
МАРИНА КУЗНЕЦОВА
ОҚУШЫ
Аударма «Мұнда менің үлкен әпкем оқиды. Ол бір рет бірінші орын алған. Ал сенің арманың қандай десе, мен де бірінші орын алу деп жауап берер едім»
Ски-кросс – Олимпиада бағдарламасына енген. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Әр спортшы арнайы кедергілері бар трассаны уақытқа жүріп өтеді. Соңында ең жылдам төрт спортшы финалға жолдама алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тау шаңғысы спорты көп отбасыға қымбатқа түседі. Себебі арнайы киім-кешек пен құрал-жабдықтар, сондай-ақ көтергіш қызметтері айтарлықтай шығын. Сондықтан мамандар балаларға спортты қолжетімді етуге және бұқаралық түрде дамытуға көңіл бөліп отыр.
СҰҢҚАР ЫСҚАҚОВ
ТАУ- ШАҢҒЫ КУРОРТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Бүгінде көптеген балалар үшін тау шаңғысы спорты қолжетімсіз. Себебі жабдықтары да, курорт қызметі де қымбат тұрады. Сондықтан біз балаларды осы спортқа көбірек тартуды және болашақ спортшыларды дайындауды мақсат етіп отырмыз. Осы бағытта үш жылдан бері жұмыс істеп, жарыстар ұйымдастырып келеміз. Қазір бізде 90 бала жаттығады, жыл сайын олардың саны артып келеді. Балаларымыз жақсы нәтиже көрсетіп жүр»
Жарыс тартысты өтті. Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, жақсы дайындықпен келгенін дәлелдеді. Ұлдар арасында Арнұр Орынбасар мен Давыденько Арсений озық нәтиже көрсетті. Ал қыздар арасында София Аязбаева мен Анастасия Банниковажүлделі орындардан көрінді. Болашақта халықаралық деңгейдегі жарыстар ұйымдастыру көзделіп отыр. Жоспар бойынша, жарыстың бір кезеңі Қытайда, ал екіншісі Қазақстанда өтуі мүмкін.