Үздік қазақ романы анықталды

Алматыда «Қазіргі заманғы қазақ романы» байқауының жеңімпаздары анықталып, ең үздік шығарма авторы 15 миллион теңгеге ие болды. Ал 200 ден астам автор қатысқан байқауды қай жазушы жеңіп алды?

Отандық прозада қуанышты жаңалық. Бұл байқау қазақ қаламгерлерін шабытандырып, ынталандырады. Әр шығармағ сарапшылар баға беріп, талдайды. Шетелде тұратын жазушы Мұрат Алмасбек  кітабын Америкада бастап, Қазақстанда аяқтаған.

МҰРАТ  АЛМАСБЕК 
ЖАЗУШЫ 
«Екі жағалау деген романымды жаздым. Онда қамтылатын тақырыпты қысқаша айтатын болсам Америкаға көшкен қазақ отбасының оқиғасы. Бұл кісілер Қазақстаннан мексика шекарасын кешіп өтіп, Америкаға барып қоныстанады. Заңсыз шекара кесуде неше түрлі қиындықты бастан кешіреді. Ол кісі бар. Америкада тұрып жатыр. Сол оқиға негізінде жазылған шығарма.» 

Жазушылардың айтуынша, бұл — елдегі ең ірі әдеби байқаулардың бірі. Тіпті оның қорытындысы бойынша фильм түсіру жоспарланып отыр. 

АРМАН СҚАБЫЛҰЛЫ
ЖУРНАЛИСТ, БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ 
Жасанды интеллектпен жазылған романдар көбейіп кетті деп жатыр. Биттің қабығындай жұп-жұқа романдарды ұсынып жатыр. Соның бәрін ескере отырып әр жазылған роман 300 беттен кем болмау керек ЖИ мен тексерілу керек. Міндетті түрде қазіргі қоғамдағы қазақ азаматының болмысы сомдалу керек. Әлеуметтік желі, жаңа техналогия барлығы қамтылу керек деген концепцияны қабылдадық.

220 шығарма арасынан 7 роман жүлделі орынға ие болды. Бас жүлдені Алматы облысының тумасы, жазушы- журналист  Жүсіпбек Қорғасбектің «Кельндегі көкжал» романы жеңіп алды.

Сондай-ақ оқыңыз: