Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында ұлттық спорт түрлерінен өңірлік дода аяқталды

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында ұлттық спорт түрлерінен өңірлік дода аяқталды. Жарысқа облыстың 9 ауданы мен Қонаев қаласынан келген 200-ге жуық шабандоз қатысты. Бәсеке көкпар, аударыспақ, жамбы ату және теңге ілуден өтті. Жекелей және командалық есепте үздік атанғандар енді облыс намысын республикалық жарыста қорғайды. Жарысқа қатысушы Айжан  талғар ауданынан келді. Ол бәсеке алаңына жетісімен бірден атқа қонып, жарысқа дайындығын бастады. 

АЙЖАН СЕРІКБАЙҚЫЗЫ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ 
“Менің негізгі мамандығым заңгер. Бірақ ат үстінде садақ ату мен үшін жай ғана хобби емес, бұл  бойымыздағы тектіліктің белгісі. Сондықтан бағымды сынауға бел будым. Бұл алғашқы үлкен жарысым. Жеңемін бе, жеңілемін бе оны уақыт көрсетер, бірақ бастысы ұлттық ойындарымыздың маңызын атап өткім келеді. "


Жарыста жамбы ату сайысы көрерменнің көзін арбаған сәтке айналды. Бұл бәсекеде ару мергендер бар өнерін паш етті. Қатысушылар жамбы ату стилінің төрт бағыты бойынша, атап айтқанда Азия, Түрік, Мажар және дәстүрлі жамбы ату түрінен бақ сынады.


АЛДИЯР НҰРҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАМБЫ АТУДАН БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
«Қызымыз баршылық құдайға шұкір. 3 қызымыз қатысып отыр, бір қызымыз жүлделі болып бірінші орын алып отыры түрік стилінен. Жарыс өз деңгейінде жақсы, балалардың дайындығы әлі де кішкене даттығу керек. Соның енді іріктелулер құдай бұйырса енді Ақтауға чемпионатқа дайындығымыз жүріп жатыр»

Облыста ұлттық спорт түрлерінің даму көрсетшікі жоғары. Әр ауданда бәйге мен көкпар жарыстары жиі өткізіліп тұрады. Осындай додада нағыз мықтылар іріктеледі» дейді ұйымдастырушылар.  


ЫҚЫЛАС ҚЫДЫРҚОЖАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ КЛУБЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Бұл чемпионаттың негізгі мақсаты облыстың құрама командасын жасақтап ел чемпионатына қатыстыру. Көкпардан Қазақстан чемпионаты маусым айында Жетісу облысы Талдықорған қаласында жоспарланып отыр. Ал қалған спорт түрлерінен ел чемпионаты маусым, шілде айларында жоспарлануда.


Бес күнге созылған бәсеке нәтижесінде көкпардан облыс орталығының командасы топ жарды. Ал теңге ілуде жүлделі орын Еңбекшіқазақ ауданының шабандоздарының еншінде.  Аударыспақта Райымбек ауданы жеңісті бермесе, жамбы атудан жекелей сынның төрт жеңімпазы анықталды. Енді барлық жеңімпаз республика біріншілігіне аттанады.  

Сондай-ақ оқыңыз: