Ұйғыр ауданында Әл-Фараби атындағы аудандық кітапхана қайта қолданысқа берілді

Ұйғыр ауданында маңызды мәдени нысан – Әл-Фараби атындағы аудандық кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, қайта қолданысқа берілді. Кітап қоры шетелдік авторлар шығармаларымен толығып, электронды іздеу жүйесі жетілдірілді.

Шонжы ауылындағы бұл рухани орда енді заманауи талаптарға толық сай келеді. Жаңғырту жұмыстары аясында кітапхана жаңа технологиялармен жабдықталып, оқырмандарға қолайлы жағдай жасалған. 

ҒАЛИЯ ТОҚАБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 
«Ұйғыр ауданында, Шонжы ауылында үлкен аудандық кітапхананың модернизациядан өтіп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Жалпы облыс бойынша бұл – екінші кітапхана. Былтыр мұндай жоба Қонаев қаласында жүзеге асса, биыл Шонжыда жалғасын тапты. Алдағы уақытта, келесі аптада Қарасай ауданындағы Жандосов ауылында және Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылдық кітапханаларында да осындай жаңғыртылған нысандар ашылады»

Жаңартылған кітапхана тек кітап оқитын орын ғана емес. Мұнда балаларға арналған бөлімдер, оқу залдары, сондай-ақ жастарға арналған коворкинг орталығы жұмыс істейді. 

МАҚСАТ КЕНЕШОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 
«.... Бұл – жастар үшін үлкен мүмкіндік. Осы жерде олар өздерінің шығармашылық идеяларын дамытып, жаңа бастамаларын жүзеге асырып, тіпті бизнес жобаларын да қолға ала алады. Мұндай орталықтар жастардың мақсаттарына жетуіне жол ашады».

Кітапхананың жаңаруы – аудан тұрғындары үшін үлкен серпін. Бұл нысан енді түрлі мәдени, білім беру шаралары өтетін маңызды орталыққа айналмақ. Аудандық кітапхана қоры 68 мыңнан астап кітап бар. Қазіргі таңда кітапханаға 10 мың оқырман тіркелген. 

Сондай-ақ оқыңыз: