Іле Алатауы ұлттық паркінде «Парктер шеруі» науқаны басталды
Іле Алатауы ұлттық паркінде «Парктер шеруі» науқаны басталды. Табиғатты қорғаудың халықаралық бастамасына парк жыл сайын қатысады.
Экологиялық шара құстар күнімен тұспа-тұс келіп, аясында 30 құс ұясы орнатылды. Сондай-ақ қатысушылар ағаш көшеттерін отырғызып, аумақты тазалады. Өткен жылы 8 мың ағаш егіліп, 110 тонна қоқыс шығарылған. Жыл басынан бері табиғатты қорғау ісіне 500 ерікті атсалысқан. АлдаТүрген шатқалындағы туристік соқпақты аяқтау жоспарланып отыр.
САМАЛ ӘБІЛОВА
ЭКОЛОГ- АҒАРТУШЫ
«Біздің жоспарда осы наурыз айынан бастап құстарға қамқорлық ретінде парк аумағына, қала мектептерінің аумағына құс ұяларын іліп жатырмыз. Скл 375 құс ұясын ілу жоспарымызда болған. Міне сол жоспарымызға таяп қалдық.СКЛ. Қазақстанда жыл сайын жыл құсы белгіленеді. Биыл қарасайрақ болып белгіленген»