Биыл елімізде «Жастар практикасы» жобасы аясында 25 мың жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр

Биыл елімізде «Жастар практикасы» жобасы аясында 25 мың жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Ал Алматы облысы бойынша қанша  жас жұмысқа орналаса алады.

Еңбек нарығындағы тәжірибе талаптары мен сұранысқа сай мамандықтардың аздығы түлектердің жұмыс табуын қиындатады. Дәл осы мәселеге тап болғандардың бірі Рысбай Ақмадияр. Қолына дипломын алған ол айлап жұмыссыз жүрген. Кейін «Жастар практикасы» жайлы естіп, осы бағдарлама арқылы қызметтік мансабын Шамалған ауылдық округі әкімдігінде бастады. 

АҚМАДИЯР РЫСБАЙ  
ЖАС МАМАН
Екі ай көлемінде жүрдім жұмыс іздеп. Жұмысқа заявка жібердім бірақ қабылдамады опыт работы болмаған соң. Осы жұмыста сал жұмыс тәжірибемді көтеріп, өзімді молодежный практикамен өзімді  дамытқым келді. Сол таныстарым айтты осындай көрсей осындай бар екен Шамалғанда деп. Барып көр, тапсырып көр может қабылдап қалар әкімшілікке деп. Солай келдім нар тәуекел деп өзімді қолыма алып.

Жастар практикасына  оқу орнын тәмамдағанына 5 жылдан аспаған  және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ 35 жасқа дейінгі түлектер қатыса алады. Ол үшін алдымен мансап орталығына өтініш беру қажет. Бос жұмыс орындары анықталған жағдайда қатысушы 1 жылдық келісіммен жұмысқа орналасып, кәсіби практикалық дағдыларды меңгереді. 

Әйтседе бұл туралы көбісі біле бермейді. 

Жастардың бұл мүмкіндікке аса қызықпауының негізгі себебі– жалақы мәселесі. Республика бойынша бағдарламаға қатысушылардың орташа айлығы 129 мың теңге. Облыста жастар үшін  бос жұмыс орындары жетерлік дейді мамандар.

2026 жылдың бірінші тоқсанында «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 196 адам жолданды. Оның ішінде 11 қатысушы практиканы аяқтады, ал 5 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Осылайша, бағдарлама өз тиімділігін көрсетіп, жастарды еңбек нарығына кезең-кезеңімен тартуға, олардың кәсіби дамуына және әрі қарай жұмысқа орналасуына жағдай жасап отыр.»«Алматы облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы.

Соңғы уақытта Алматы облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығының филиалдары мен аудандық мансап орталықтарына 7 575 жас жүгінген. Нәтижесінде 804 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Ал 1 057 сі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жіберілген.

Сондай-ақ оқыңыз: