Алматылық ұстаздар республикалық «Ой сандық» олимпиадасынан жеңіспен оралды

Алматылық ұстаздар республикалық «Ой сандық» олимпиадасынан жеңіспен оралды.

Қазақ тілі және математика пәні мұғалімдеріне арналған байқау Астана қаласында өтті. Біліктілік додасына еліміздің барлық аймағынан 100 ден астам мұғалім мен 50 ге жуық әдіскері қатысты. Оқытушылардың білімге деген құштарлығы мен кәсіби шеберлігі шыңдалған байқауда нөмір 202-ші мектептің ұстаздары да дараланды. Олар білім мен тәжірибелерін дәлелдеп, үздік ұстаздар  қатарынан көрінді. 

БОЛАТ ЖАНАЙХАН
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
«Қазір PISA тапсырмалары әлемде кеңінен танымал. Оқушыларды сол тапсырмаларға дайындау үшін ұстаздар өздері бәсекеге қабілетті болуы керек. Осы байқау осы біздің бәсекеге қабілеттігімізді сынағандай болды. Бұл жерде тек білім ғана сыналған жоқ. Біз тәжірибе жинақтадық. Республиканың өңірінен келген 200 ұстаздың білімін, біліктілігін көрдік. Біз үшін бұл демалып қайтатын, тәжірибе алмасатын алаңға айналды.» 

АҚТОЛҚЫН КЕЛДІБАЙ
 МҰҒАЛІМ
«Ұстаз білікті мықты маман болса алдында тәрбиелеп отырған шәкірті мақты болып шығады. Мағжан айтпақшы «Алты алаштың басы қосылса төрдегі орын ұстаздыкі деп» ұстаздың білімді де білікті болуы ол өте маңызды нәрсе. Егер ұстаздың бойында жаза алатын қабілет болса балаға да жаздыра алады. Ол өзі есеп шығарса шығара алады»

Сондай-ақ оқыңыз: