Райымбек ауданында 9 мың түп ағаш егіледі

Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ауқымды игі іс-шаралар басталды. Мерей аясында 9 мың түп ағашы егіледі. Бұл жұмыс Нарынқол ауылындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы жастар саябағында бастау алды.

Туған жерді түлетуді мақсат еткен тағылымды шараға аудан тұрғындары белсенді қатысып,  мерейтойлық акцияға өз үлестерін қосты. Ақсақалдар ақ батасын беріп, болашақта бұл көшеттердің мәуелі ағашқа айналуын тіледі. Ал шараның шырайын аудан өнерпаздарының ән-жыры мен өнері аша түсті.

ДАСТАН ҚҰДАБАЕВ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
“Қазір осы Нарынқол ауылдық округінде Б.Соқпақбаев атындағы жастар саябағында бүгін біз 700 түп, жаңағы, қайыңдарымыз бар, шыршаларымыз бар, теректеріміз бар көшеттерін алып келдік, жұмыстарын бастап жатырмыз. Сондай-ақ осы ауданнан осы Нарынқол аймағынан өскен, әр кезеңнің ұрпақтарыда келіп, осы ауданда ағаш егу акциясына өз үлестерін қосып жатыр.”

Жоспарлы  9 мың түп көшет аудан орталығымен шектелмей, барлық ауыл-аймаққа  жеткізіледі. Бұл игі бастама тек табиғатты қорғаумен шектелмей, келер ұрпаққа жасыл әлемді аманат етудің жарқын үлгісіне айналды.

ЕРНҰР САҒАТБЕК
“Бұйырса міне ауданымыздың 90 жылдығы. Бұл біз үшін  бұш мереке, біз үшін той. Негізі бұл 90 жылдық, бабаларымыздың қанымен, терімен, көз жасымен келген. Аллаға шүкір, сол кісілерге мың алғыс, бүгін ағаш егіп, арқамызды кеңге салып, емін-еркін өмір сүріп жатырмыз.”

Жалпы, мерейтой аясындағы жұмыстар мұнымен тоқтамайды.Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған мазмұнды да маңызы зор ауқымды шаралар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасын табады.

АЯЛА ҰЛАНҚЫЗЫ
ТІЛШІ 
90 жылдыққа арналған 9000 түп ағаш – бұл мерейтойлық акция ғана емес, ауданның ертеңіне жасалған үлкен қадам. Жасыл желек көбейсе, туған жердің келбеті де көркейе түспек.

Сондай-ақ оқыңыз: