Өтеген батыр ауылында жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді
Өтеген батыр ауылында жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. Жас әрі талантты спортшыларды бір арнаға тоғыстыратын нысан кәсіпкерлердің қолдауымен қысқа мерзімде бой көтерді.
Спорт кешенінде футбол, волейбол, баскетбол сияқты ойындарға арналған кең алаңдар бар. Ғимарат көлемі үш мың шаршы метрге жуық және заманауи талаптарға сай толық жабдықталған. Мұнда балалар мен жасөспірімдер сапалы әрі қауіпсіз уақытта жаттыға алады.
ҒАНИ МАЙЛЫБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қазірдің өзінде 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Және бұл жерде ерекше айта кететін дүние бұл балалардың барып келуіне және қолжетімді жерден, яғни орталыққа бармай, қалаға бармай осы жерде, осы спорттың үш түрінен өздеріне тиісті секцияларға қатыса алады. Жне бұл жеоде ерекше айта кететін дүние, жаңа байқағандарыңыздай, тұрғындар өте ұйымшыл. Бұл жер көп ұзамай ақ жастардың көп келетін орталықтарының біріне айналатынына кәміл сенеміз.»
Спорт кешенінің құрылыс сегіз айда аяқталды. Инвестор көмегімен салынған жаттығу орнына 200 млн тенге көлемінде қаржы құйылған. «Жастардың қызығушылығына мән беріп саналы ұрпақ өсіреміз - дейді кәсіпкерлер.
ЕРНАР АЙДАРҰЛЫ
КӘСІПКЕР
«Еліміз, жұртымыз дами берсін спорт саласында. Үлкен жетістіктерге жете берейік. Мемлекетіміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Осы спорт саласында осы жерде балалар үлкен жетістіктерге жетеді деген үміттемін. СКЛ. Арғы жағында футзал бар. Футзалда да футбол ойнауға болады, баскетбол ойнауға болады жне күресті де өткізуге болады. Тағы да бокс басқа да үлкен-үлкен спорттар өткізуге болады.»
Іле ауданы облыстағы халық көп шоғырланған аймақтың бірі. Мұнда аудандық және облыстық жарыстар жиі ұйымдастырылады. Тұрғындар спорт саласының әлеуеті артып келе жатқанына дән риза.
МЕЙРАМГҮЛ ЖӘБИЕВА
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
«Біздің балаларымызды жеңіске шыңдайды деп ойлаймын. Себебі әрбір баланың денсаулығы мықты болуы үшін осындай спортқа қатысса өте керемет дүние. Өте қуанышытымыз балаларға сондай мүмкіндіктер жасап. Біздің кезімізде бұндай спорттық ойындар болған жоқ әрине. Ал қазір қандай мүмкіндіктер бар. Мынау қалаға барғаннан гөрі осы ауылдың балалары осы жерде спортпен айналысып, шыңдалып ертең жеңіске жететініне мен сенімдімін.»
Балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, тұлға болып қалыптасуына мұндай әлеуметтік нысандардың әр өңірде қолжетімді болуы маңызды. Спорт тек жаттығу ғана емес, адамның рухын көтеретін, табандылыққа тәрбиелейтін өмір салты.