«Кеген – Нарынқол» күре жолын су шайды

«Кеген – Нарынқол» күре жолын су шайды.  Республикалық автомобиль жолының 20-шы шақырымында су өткізу құбыры бүлініп, жиналған су жолды опырып түсті.

Қарқынды еріген қар суының қысымынан ескі  су өткізгіш құбыр бұзылды. Жолдың осы тұсы  соңғы 50 жылда «су басу қаупі бар аймақтар» тізіміне кірмеген. Еріген судың мұндай жойқын көлемі бұрын-соңды тіркелмеген. Қазіргі уақытта су жол жиегімен ағып, Қабанды өзеніне, одан әрі Кеген өзеніне құйылуда. Жол қозғалысы жедел  тоқтатылып, қауіпсіз айналма жол төселді. Ззардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына арнайы техника жұмылдырылып, жақын арада қиыршық тас төселген уақытша жол салынады» деді жауаптылар.

Сондай-ақ оқыңыз: