Қонаев қаласында құрылыс саласының өзекті мәселелері талқыланды

Қонаев қаласында құрылыс саласының өзекті мәселелері талқыланды. Жиынға «Қазақстан құрылысшылар одағының» өкілдері мен өңір кәсіпкерлері қатысып, құрылыс нарығындағы сапа мен әкімшілік кедергілерді сөз етті.Кәсіпкерлер нарықтағы тұрақсыздық салдарынан құрылыс материалдарының бағасы өсіп, жобалардың өзіндік құны артқанын атап өтті. Мамандар нарық тұрақтылығын сақтау үшін әрбір қатысушының жауапкершілігін арттыру және адал бәсекелестікке жол ашу қажеттігін айтты.

ЖАМБЫЛ АХМЕТБЕКОВ
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Негізі мұндай жиындардың ең басты мақсаты- кәсіпкерлердің ой пікірін тыңдау. Екінші сол ой пікірді осы жергілікті  өкілетті органдарға жеткізу. Акиматқа , атқарушы органға жеткізу, мүмкіндігінше шешу керек болатын болса, осы біздің тарапымыздан әкімшілікке кіріп, осындай проблемалар бар, соны сіздер ескерсеңіздер, оны шешуге атсалыссаңыздар бірігіп деген іс»

Сондай-ақ оқыңыз: