Ұстаздардың жұмысы автоматтандырылып, сабақ барысы цифрлы технологияға толықтай көшіп жатыр
Заман талабына сай ұстаздардың жұмысы автоматтандырылып, сабақ барысы цифрлы технологияға толықтай көшіп жатыр. Сәйкесінше жасанды интеллект мүмкіндігін білім беру саласына енгізу қарқынды жүзеге асырылуда. Жаңашылдықтар жайы Талғар қаласында өткен облыстық іс-шарада кеңінен талқыланды. Жиында цифрлы дәуірдегі сөз құндылығына ерекше мән берілді. Тәжірибе алаңында облыс оқушыларын мәдениетті тілдік қарым-қатынасқа тәрбиелеп, сауатты сөйлеуге бейімдеп жүрген жас ұстаздар сабақтағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Іс-шарада білім беру ісінде тілдің қадір-қасиетін қашырмай жүрген тіл жанашырларының еңбегі де еленді.
ГҮЛСТАН АБДУЛЛАЕВА
МҰҒАЛІМ
«ЖИ сабақтарда жиі қолданамын. Себебі менің диссертация тақырыбым ағылшын тілін үйретуде заманауи технологияларды қолдану. Менің ойымша балалардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Бұл жерде ең маңызды нәрсе оқушыға бағдарлы әдісті қолдану»