Директорлар біліктілігі тексерілді

Алматы облысында біліктілікті тексеру тестіне қатысқан 379 мектеп директорының 15 пайызы ғана шекті деңгейден өткен. Бұл туралы Директорлар кеңесінде мәлім болды. Білім шаңырағы басшылары біліктілігін көтеру үшін қайтпек керек?

«Эмоционалды тұрақты басшы – табысты мектеп драйвері дейді білім саласының сарапшылары. Мектеп директорларының  басын қосқан алқалы жиында ұстаздардың кәсіби біліктілігін дамыту жолдары талқыланды.  

ГҮЛИНА ОРАЗӘЛІ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«379 мектеп директорының тестілеу нәтижесі бізге маңызды сигнал берді: шекті деңгейден тек 14,8 пайызы ғана өтті. Әсіресе II және III санаттағы басшылар арасында нәтижелер төмен болды. Бұл – жеке тұлғалық мәселе емес. Бұл – жүйелік мәселе.

Облыс аумағында жалпы 460 мектеп директоры қызмет атқарады. Барлығы дерлік  жоғары білімге ие. Оның 87 пайызы қазақ мектептерінде. Ал бүгінде орташа білім сапасы 65 пайызды құрайды. Десе де білім беру мекемелеріндегі басқару жүйесі мен стратегиялық ойлау деңгейі басты назарда болуы тиіс. Бұл пікірді мектеп басшылары да қолдап отыр.

ҚУАНЫШ ӘДЕТОВ 
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
«Қазіргі заманда эмоцияны тұрақты ұстай білу, басшы өзін бақылай білу бұл өзіне өте керекті дағдылардың бірі. Сондықтан да бұл семинар өте өзекті деп білемін.»

ШОЛПАН ҚОШАҚАНОВА 
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Директор біріншіден эмоцияға берілмеуі керек. Екіншіден мэнеджмент болу керек. Үшінші психолог болу керек. Төртінші ол мектептің жүрегі болу керек.»

Білім сапасының жоғары болуы - ең әуелі мектеп ұжымының көңіл күйіне байланысты дейді педагогикалық шеберлік орталығының мамандары. 


БЕРІК АСУБАЕВ 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 
«Мектеп басшысының имоцияналды интелектісінің жоғары болуы ол айналасындағы адамдарға өте үлкен әсер етеді. Егер басшы жымиып, көтеріңкі көңіл күймен жүрсе ұжым да сондай көңіл күйде жүреді. Егер басшы өте ашуланшақ болса тек жаман нәрсені көретін болса, онда ұжымның өзі де қорғанысқа көшеді. Егер ашық болса ұжым дамуға жұмыс жасайды.»

Десе де директорларға қатысты жүргізілген талдау нәтижесі өңірлік ерекшеліктерді де көрсеткен. Яғни кейбір ауданда тәжірибелі, басқаруда орныққан басшылар басым болса, енді бір аудандарда жас көшбасшылар көп. Алайда бұл көрсеткіш шешуші түйін емес. Ең бастысы – осы ерекшеліктерді дұрыс бағыттап, кәсіби қолдау жүйесін құруымыз керек дейді шара ұйымдастырушылары. 

Сондай-ақ оқыңыз: