Қонаев қаласындағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтті
Қонаев қаласындағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтті. Бұған дейін нысан «Қонаев әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның теңгерімінде болған.
Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан нысанның жалпы құны 31 миллион теңгеден асады. Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта кешен тиісті деңгейде күтім көрмей, қараусыз қалған. Осыған байланысты нысанды қала меншігіне алу туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда орталықты дамыту жолдары қарастырылып жатыр. Нақтырақ айтқанда, нысанды бюджет қаражаты есебінен жаңғырту немесе жеке инвесторларды тарту мүмкіндігі талқылануда. Бүгінге дейін бес ұсыныс түсті. Қала басшылығы бұл мәселені ерекше бақылауға алды. Әсіресе, жастардың спортпен жайлы жағдайда айналысуына бар мүмкіндік жасалатыны айтылды.
ПАРАСАТ МҰТТАЛҒАЗЫ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕР ЖӘНЕ САТЫП АЛУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Спорт кешені біраз уақыт дұрыс жұмыс істемей, қараусыз қалғаны белгілі. Осы жағдайды ескеріп, Қонаев қаласының әкімдігі нысанды өз иелігіне алды. Алдағы уақытта спорт орталығын ретке келтіріп, жұмысын жандандыру мәселесі қарастырылады»