Қазақстан шетелден келетін жұмыртқаға тағы да шектеу қойды

Қазақстан шетелден келетін жұмыртқаға тағы да шектеу қойды. Бұл шешім отандық құс фабрикаларын қолдау үшін қабылданып отыр. Мамандардың айтуынша, алты айлық тыйым жергілікті өндірушілердің жұмысын жандандыруға көмектеспек.

Ішкі нарықта жұмыртқаға сұраныс жыл сайын артып келеді. Соған сәйкес, өндіріс көлемі де өскен. Қазір нарықтың 98 пайызын өзіміздің құс фермалары жауып отыр. Негізі жұмыртқа импортына өткен жылдың желтоқсанында бір айға шектеу қойылған еді. Оның мерзімі 11 қаңтарда аяқталды. Енді Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл тыйымды тағы жарты жылға созып отыр.

Алты айға дейін тауық жұмыртқасын ЕАЭО елдерінен импорттауға тыйым салынады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 34-і жұмыртқа, 29-ы ет, 7-еуі асыл тұқым өндіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауық жұмыртқасының өндірісі 2,4%-ға  артқан. Ішкі нарықтағы отандық өндіріс 98%-ды құрады. Тиісті бұйрықты Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдайды»

Алматы облысында 13 құс фабрикасы  жұмыс істейді. Оның жетеуі ет өндіруге бағытталса, төртеуі сапалы жұмыртқа өндіруді жолға қойған. Бұл — аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтуға қосқан елеулі үлесі. Құс фабрикасының басшысы Жеңіс Смаилов  шетелдік жұмыртқа импортына шектеу қоюды құп көреді. Мұндай қадам отандық өндірушілердің еңсесін көтереді. 

ЖЕҢІС СМАИЛОВ
ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Он жылдықтың ішінде ет пен жұмыртқаны жаксы көтерді Қазақстан. Ол енді үкіметтің қолдауымен ғой. Нешетүрлі жаңағы беріп жатқан кредиттері бар, басқа да бар, үкіметтің қойған алға программалары бар. 2025-те біз 80 млн шығардық. Негізі мүмкіндігіміз 180 млн. Сондықтан біз артық шығарсақ, қазір сата алмай отырмыз. Неге десеңіз, рынокқа мынау сырттан кіріп жатқан жұмыртқа өте көп. СКЛ Шектеу керек менің айтатыным»

Қазақстандағы жұмыртқаның өзіндік құнының 75 пайызы жемге кетеді. Ал жем-шөптің көбі сырттан келетіндіктен, біздің өндіріс әлемдік бағаға тәуелді.

ЖЕҢІС СМАИЛОВ
ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Сондықтан біз енді осы 25 жыл жүрміз ғой осы құс шаруашылығында. Мұның қиыншылығының бәрін көріп келе жатырмыз. Ол ұстау деген оңай емес. Неге десеңіз, біздің сырттан кіретін тауықты да сырттан алып келіп кіргіземіз балапанын. Жұмыртқасын да инкубационный сырттан алып кіргіземіз. Сонымен қатар қоспалары да бар жемге. Витамин дейміз, басқа нелері бар, вакциналарымыз бар, бәрі сырттан кіреді. СКЛ Біздің баға қымбаттаған жоқ әлі. Көтерген де жоқпыз. СКЛ Бірқалыпты үш жыл болды ұстап отырмыз. Ол жағынан да үкімет өте үлкен көмек көрсетіп жатыр»

ҒАЛЫМЖАН АСЫЛХАНҰЛЫ
ЖҰМЫРТҚА СҰРЫПТАУ ЦЕХЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Мұнда сағатына 120 мың жұмыртқа өндіріледі. Ол жоғары сорт, орта сортты және бірінші, екінші сорт деп бөлінеді ол сала салаға. СКЛ Халал сертификаты бойынша жұмыс істейміз. СКЛ Сапасы жоғары өте»

Шектеу туралы шешім ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды. Ондағы басты мақсат - отандық өндірісті дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін сақтау. Мамандардың айтуынша, бұл қадам нарықта бәсекені реттеп, алдағы уақытта экспортты көбейтуге жол ашады.

Сондай-ақ оқыңыз: