Қонаевта үздік бизнес стартап жобасы анықталды!

Қонаевта  «Digital Qazaqstan Battle»  стартап жобаларының  жартылай финалы аяқталды.

Үздік шыққан  5 жоба ішінен  онлайн сауданы жақсартатын «Жиһаз KZ» стартапы жеңімпаз атанды. Биылғы ауқымды форумның шешуші жарысы  27 наурызда Шымкент қаласында өтпек. Оған еліміздің барлық аймағынан іріктелген ең мықты 20 жоба қатысады. Жеңімпаз стартаптарға инвестиция тарту мен Astana Hub  халықаралық технопаркінің бағдарламаларына қатысу  мүмкіндігі беріледі. Жобаның мақсаты- еліміздегі АйТи саласында талантты жастарды анықтап, озық технологияларды экономиканың нақты секторларына енгізу. 

АЗАМАТ НҰРЛАНҰЛЫ
ЖОБА ЖЕҢІМПАЗЫ
Бұл сенімділік жүйесі. Ол үшін командамызбен бірнеше ай бойы еңбек еттік. Басты қағидамыз қауіпсіздік. Тапсырыс берушінің қаражаты бірден аударылмайды, тек тауар үйіне жетіп, сапасы расталған соң ғана жіберіледі. Ендігі мақсат облыс намысын республикалық деңгейде қорғап жеңімпаз атану.

Сондай-ақ оқыңыз: