Жыл басынан бері Іле ауданында кәсіпкерлердің құқығына қатысты 2 заң бұзушылық дерегі анықталды

Жыл басынан бері Іле ауданында кәсіпкерлердің құқығына қатысты 2 заң бұзушылық дерегі анықталды.

Бизнесті рұқсатсыз тексеру – заңға қайшы әрекет. Ал кәсіпкерлердің құқығын қорғау прокуратураның міндетіне кіреді. (Видео) Сонымен қатар, қадағалаушы орган кәсіпкерлік қызметтің заң талаптарына сай жүргізілуін де бақылауда ұстайды.Бұл туралы құқық қорғау органдары мен кәсіпкерлердің кездесуінде айтылды. Жиында кәсіпкерлік нысандарға қатысты әкімшілік кедергілерді азайту,  өнім өндірушілерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Прокуратура өкілдері бұл бағытта кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

ҰЛАН БОРАНБАЙҰЛЫ
КОМПАНИЯ ӨКІЛІ
«Жоспардан тыс тексерулердің барлығын тоқтатып, біздің құқығымызды қорғау үшін үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Осы алдыңғы жылы осы аудандық прокуратура біздің компанияға келіп, үлкен жиын өткізген болатын. Сол кезде біз бірқанша міселе көтердік. Содан бері сол мәселелеріміздің көбі шешілді. Сондықтан алғысымызды айтамыз»

 БАУЫРЖАН ТӨЛЕНДІНОВ
 ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
«2026 жылы прокуратура тарапынан екі заңбұзушылық анықталған. Инвесторға қатысты. Бірінші фактіде полицейлер инвесторлардың жұмыскерлерінің паспортын заңсыз алып алған. Екінші факті бойынша төтенше жағдайлықтар инвесторларды заңсыз тексерген. Яғни прокуратураның келісімін алмаған. Бұл бойынша заңсыз тексеріс нәтижелері бұзылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды»

Сондай-ақ оқыңыз: