Халық жазушысы , Алматы облысының құрметті азаматы Бексұлтан Нұржекеұлы биыл 85 жасқа толды
Қазақстанның «халық жазушысы», мемлекеттік сыйлықтың иегері, Алматы облысының құрметтіазаматы Бексұлтан Нұржекеұлы биыл 85 жасқа толды. Мерейтой басы Алматыда орналасқан «Антон Чехов» атындағы қалалық кітапханада басталды. Өзіне тән айшықты қаламгерлік стилімен оқырмен жүрегіне терең жол тартқан жазушымен тілшіміз жүздесті.
Адам жанының тылсым құпиясына терең бойлап, сыршыл да нәзік иірімдерімен оқырманын елітіп отыратын лирик жазуышы Бексұлтан Нұржекеұлын қазақ жұрты жақсы біледі. Жылы жүздесуде сөз алған қатарластары қабырғалы қаламгердің әдеби еңбегін жарыса сөз етті. Соның ішінде «Орбұлақ» шайқасы туралы зерттеулері өзінше бір төбе.
Бексұлтан Нұржекеұлы әдебиетке барын салып, адал еңбектенген шынайы қаламгерлер. Тырнақ алды туындысы “Кінәлі махаббат» әңгімесінен бастау алған «Бір өкініш, бір үміт», “Күтумен өткен ғұмыр”. Сонымен қатар “Жау жағадан алғанда” , “Әйел жолы – жіңішке” сынды сан тақырыпта толып жатқан әңгімелер мен повестер жинағы мен романдары жарық көрді. 2014 жылы “Өзендер өрнектеген өлке» атауымен 13 томдығы баспадан шықты. Ал «Әй, дүние-ай!» романы 2016 жылы мемлекеттік сыйлық алды.
КӘДІРБЕК СЕГІЗБАЙҰЛЫ
МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ
«Орбұлақты қазақа алып келген осы Бексұлтан. Ол туралы жазған жазушылар өте көп, бірақ қай жерде екенін ешкім дөп баспаған. 1993 жылы Орбұлақтың өткен жері мына «Белжайлау» деп анықтап көрсетті. Сосын 300 жылдығын өткізді. Демек бір жолата қалыптастырды.»
БЕЙБІТ САРЫБАЙ
ЖАЗУШЫ
“Бұл кісіінң тұрақты оқырмандарының қатарындамын. Сонау “Күтумен кешкен күндерден” бастап, “бір өкініш бір үміті” бар бергі жазған романдары бар қаншама шығармаларын оқыған оқырманымын. Енді әдебиетке қанша буын ауысады. Қаншама қаламгер келеді. Бірақ әдебиетпен бірге жасай беретін жазушылар сирекү ал соның бірі Бексұлтан аға.”
Жазушы 1941 жылы 22 ақпанда Жаркент өңірі, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, әр жылдары “Жалын”, “Жұлдыз” және “Парасат” журналдарында жауапты қызметтер атқарды. Ақ қағазға адал қаламгер күні бүінге дейін қолынан қаламсабын тастаған емес. Жуырда ғана « Шыңғыс қаған және оның құпиялары» атты тарихи танымдық шығармасын аяқтады. Алда...
БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕҰЛЫ
МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ
«Мен қазір Шыңғысқанды бітірген соң енді Ахмет Байтұрсынұлының емлесі туралы жазайын деп жүрмін. Өзім оқып өзім жаза алмаймын. Оған көз жарамайды. Бірақ көмекшім бар. Байтұрсыновтың емлесінен неге ажырап қалдық? Осыларды қаузау керек.енді 85 өзімді ойланғанды қоямын. Өле өлгенше халыққа бірдеме айту керек.»
Қазақ үшін қадірі бөлек қаламгердің 85 жылдық мерейтойы алдағы уақытта әр өңірде жалғасын табады.