Жамбыл ауданында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай дәстүрлі жас ақындар айтысы өтті

Жамбыл ауданында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай дәстүрлі жас ақындар айтысы өтті.

Сөз сайысына аудан мектептерінің оқушылары қатысып, суырыпсалмалық өнердің көрігін қыздырды. 
Жас айтыскерлер мен құрметті қонақтар алдымен ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, абыз жыршының рухына тағзым етті. Сондай-ақ ақынның әдеби-мемориалдық музейіндегі құнды жәдігерлермен танысты. Айтысқа қатысқан жеті жұп өз өнерлерін ортаға салып, Жамбылдың айтыстағы қара өлең дәстүрін жалғады. Жастардың өнерін мәдениет қайраткерлері, белгілі жыршы-термешілер мен айтыскер ақындар бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар алдағы облыстық ақындар айтысына жолдама алды.

ЕРЛАН МӘЖЕН
ЖАМБЫЛ АУЫЛЫНДАҒЫ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ 
«Бұл ақындар айтысының мақсаты – мектеп оқушылар арасыенда Жамбыл атамыздың шығармаларын насихаттау. Оқушылардың суырып-салма қабілеттерін , тума-талант, табиғи дарындарын анықтау. Оқушыларлың поэзияға деген құштарылығын арттыру» 

Сондай-ақ оқыңыз: