Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл!

Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл. Абыз ақынның мерейтойына орай Қарасай ауданы, Жамбыл ауылында тағылымды әдеби кеш өтті. Ұстаздар оқушыларға жыршының ұлағатты сөздерін түсіндіріп, өнегілі өмір жолын мысал етті.  

Әдеби кеште оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақынның ел бірлігі, әділдік пен адамгершілік тақырыптарын арқау еткен жырларын жүрекпен жеткізе білді. Сахналық көріністер арқылы Жамбылдың өмір жолы мен шығармашылық келбеті көрерменге әсерлі ұсынылды.

РАУШАН МӘУЛЕНОВА
ЖАМБЫЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ 
«Бізге бұл іс-шара әрі ыстық әрі жауапкершілігі мол іс-шара болғалы тұр.Әріптестеріме тек қана шығармашылық табыс тілеймін. Осы іс шарадан керемет бір қоржынмен кетеді деген сенімдемін. Жамбылдың адамгершілікті насихаттайтын түйінді ойларды өздеріне түйіп, өздерінің қоржындарына іліп  өзшығармашылығына пайдаланады дегени сенімдемін» 

Жас өнерпаздар ақын поэзиясын сезіммен өрнектеп, өздерінің шығармашылық қабілетін танытты. Кеш барысында ұлттық әдебиетке деген қызығушылық артып, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі нығая түсті.

МҰРАТХАН ӘЛІМҚҰЛҰЛЫ
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ШӨБЕРЕСІ 
«Жамбыл ауылындағы, Жамбыл орта мектебіне бүгін ұрпақтарымен кездесуге шақырған екен.соған келіп міне, қуанып отырмыз. Жамбыл атамыздың жры тұрғанда халықты жырлаған жырлары тұрған кезде жамбыл атамыздың аты мәңгі өшпес» 

Мектепке  Жамбыл Жабаевтың 30 томдық шығармалар жинағы табыс етілді. Бұл қымбат рухани мұра  арқылы оқушылар ақынның терең ойларын, халықтық даналық пен поэзия байлығын тани алады. «Осындай  тағылымды іс-шаралар  – ұлт руханиятын жаңғыртып, тарихи тұлғалардың бай мұрасын келешек ұрпаққа аманат ету жолындағы маңыз қадам” дейді ұйымдастырушылар.  

Сондай-ақ оқыңыз: