Наурызнама - 2026: Алматыдағы ұлттық орталық қолөнер бұйымдарының Халықаралық көрмесі өтті
Дала мәдениетінің жахандық бейнесі жаңаша үлгіде жаңғыруда. Алматыдағы ұлттық орталық музейде наурызнама 10 күндігі аясында қолөнер бұйымдарының Халықаралық көрмесі өтті. Фестиваль аясында көшпенділер өркениеті жаңғырып, жанданды.
Ұмыт болып бара жатқан ұлы дала өркениетін жандандыруға алыс жақын қалалар мен көршілес елдердің 100 ден астам қолөнер шеберлері, суретшілер мен этнодизайнерлері жиналды. Көрмеде көшпенділер мәдениеті мен өркениетін заманауи индустрияда қайта жаңғыртып жүрген жандардың туындылары ұсынылды.
САЛТАНАТ ЖАПАРОВА
ҚАЗАҚСТАН ЭТНОДИЗАЙНЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Қазақ халқының салт дәстүрін, төл мәдениетін насихаттау барысында республика көлеміндегі, халықаралық дәрежедегі қолөнершілеріміз, дизайнерлер қатысып жатыр. Бұл жерде атадан мұра болып келе жатқан қолөнер кең көлемде насихатталып жатыр. Айтатын болсақ мәселен сүйек өнері. Қазіргі таңда сүйек өнерін ұстап қалған санаулы шеберлер бар.
Көрмеде ұлттық бас киім - қасаба қойылды. Кезінде қазақ қоғамында ерекше мәнге ие болған жәдігердің тарихы айтылып, жасалу жолы көрсетілді.
ГҮЛХАТ БИТОВА
ҚАЗАҚСТАН ЭТНОДИЗАЙНЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Қазіргі кезде өте сирек қолданылуда. Бұл 18-19 ғасырда қыз-келіншектер киген бас киім. Көбіміз енді тақия, сәукеле, бөрік соларды жақсы білеміз. Ал қасаба музейлерде өте аз сондықтан халық онша білмей жатыр.
Фестивал аясында қонақтар киіз басу, кесте тігу, ағаш пен сүйек өңдеуден бөлек дәл осындай қыш ыдыстарын жасауға мүмкіндік алды. Мұнда мастер класстар ұйымдастырылып, шеберлер қыстан жасалатын ыдыстарды қалай жасау керектігін үйретті.
Орта ғасырда ерекше дамыған қыш жасаудың көне технологиясы да таныстырылды. Қазір мәдени мұраның бұл түріне әсіресе жастардың қызығушылығы артуда дейді шеберлер.
МАДИНА РЫСБАЕВА
ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
Қыш құмыра Тарихта ата бабамыз қыш құмыраны кеңінен пайдаланған. Бұл денсаулыққа өте пайдалы. Қымыз ішкен, қымыран ішкен. Бұлардың барлығы қазір жоқ болып бара жатыр, көне болып бара жатыр соны жаңғыртып қолға алсақ. Біздің тарихымыздың жоқ боп бара жатқан есебінен білмейді.
Сондай ақ ұлттық киімге ерекше мән беріліп, сән көрсетілімі өтті. Әлемдік ареналарда қазақтың ұлттық киімін, ою нақышын танытып жүрген дизайнерлер қатарында Алматы облысының шеберлері де бой көрсетті. Әсіресе ине жіпсіз жасалған киіз шапандар топтамасы көпті таңдандырды.
АНАРГҮЛ НАРБОТАНОВА
ҚАЗАҚСТАН ЭТНОДИЗАЙНЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Москвада болдым, Ленинградта болдым, Түркияда болдым. Шетелдіктер біздің ұлттық қолөнерімізге қатты қызығады. Әсіресе зергерлік бұйымдар, теріден жасалған бұйымдар, сырмақ, текемет, астау өте қызығады.
Фестивальде Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесіне ие көне Тараздың шеберлері киіз басудың ғажайып өнерін паш етті. Түркістаннан келген өнерпаздар қыш өнерінің қыр-сырын әспеттеді. Ал алматылық зергерлердің қолынан шыққан әсем бұйымдар көздің жауын алып, көрген жанды тамсандырды.