Көклайсай шатқалынан 3 тонна қоқыс шығарылды

Көклайсай шатқалынан 3 тонна қоқыс шығарылды. Бұл табиғат аясында өткен ауқымды сенбіліктің нәтижесі. 

Қала жастары жиі келіп, демалатын шатқал тау етегінде, Алматы қаласымен шекаралас тұста орналасқан. Жалпы аумағы 4,5 гектар шамасында. Бұл жердің қоқысқа жиі толып кетуінің себебі де сол демалушылар. Тазалыққа мән бермеудің салдарын айналадағы тұрғындар тартады. Бүгін мұнда ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, ірі көлемдегі тұрмыстық қалдықтар тиісті полигонға шығарылды. Игі шараға негізінен әкімдік қызметкерлері тартылыпты. Жауаптылар мұнда келіп демалушыларға қолдарындағы қоқысты бейберекет тастамауды ескертеді. Тазалық талаптарын сақтамағандарға үлкен айыппұлдың барын да ұмытпаған абзал. 

ЕРЖАС ТОҚТАСЫНОВ - РАЙЫМБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
- Алматы жастары қатты қызығады. Сол жастар арасында «жұлдызды аймақ» деген аты бар. Бүгінде округ әкімдігі тараптан сенбілік ұйымдастырылып, 3 тонна шамасында қоқыс шығарылды. Сонымен қатар жыл басынан бері 25 мәрте заңсыз қоқыс тастаушыларға айыппұл салынған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз: