Алматы облысында қызылша жұқтыру қаупі әлі жоғары: науқастардың басым бөлігі – балалар
Қызылшадан абайлаңыз! Аурудың осы түрінің таралу қаупі аймақта әлі жоғары.
СЭС мамандарының мәліметінше, ауруға шалдыққандардың басым бөлігі бес жасқа дейінгі балалар. Жалпы, соның 73 пайызы екпе алмағандар екен. Қызылша - ауа арқылы тарайтын аса жұқпалы инфекция. Иммунитеті жоқ бір адам вирусты 18 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Аурудың қауіптілігі пневмония, энцефалит секілді ауыр асқынуларға, тіпті бірнеше жылдан кейін білінетін жүйке жүйесінің зақымдануына әкелуі ықтимал. Мамандар инфекциядан қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация екенін тағы еске салды. Балаларға қызылшаға қарсы екпе 12 айлығында және 6 жасында салынады. Өңірде қосымша иммундау жұмыстары жалғасуда. Биыл оның аясында 6-11 ай аралығындағы 11 мыңнан астам бала мен 650 медицина қызметкері вакцина алған.
СӘУЛЕТ ҚАПСАМАЛОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Екпеден бас тартатын балалар бар, екпені кейінге шегеріп, кейін аламыз дейтін ата-аналар бар. Соның себебінен сондай кезде балалар ауырып қалуда. Бірақ бұл ауырғанда бұның емінің арнайы емі жоқ. Яғни ешқандай бұның спецификалық препараты жоқ. Сондықтан ауырғаннан кейін бұның асқынулары өте көп. Алдын алу үшін бұның алдын алу жолу тек қана вакцинация.