Алматыда мұғалімдердің цифрлық дағдыларын арттыруға арналған «Ustazga AI» жобасы таныстырылды

Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының қалалық филиалы алаңында педагог қызметкерлердің цифрлық біліктілігін арттыруға бағытталған «Ustazga AI» білім беру жобасының таныстырылымы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Цифрлық қоғам» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Жоба оқу үдерісінде мұғалімдерді жасанды интеллект технологияларын тиімді және жауапкершілікпен қолдануға үйретуді көздейді. Таныстырылым барысында қатысушыларға Daryn.ai платформасындағы «Жасанды интеллект – мұғалімнің көмекшісі» онлайн курсы ұсынылып, педагогтердің күнделікті жұмысынжеңілдетуге арналған платформаның функционалдық мүмкіндіктерімен құралдары көрсетілді. 

Іс-шараға қалалық Білім басқармасының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер және мұғалімдер қатысты. Спикерлер жасанды интеллектті оқу материалдарын жоспарлау, контент дайындау және оқушылардың оқу жетістіктерін талдау барысында қолданудың практикалық тәсілдерімен жан-жақтытаныстырды.

Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллектті дамыту және цифрлық трансформацияны жеделдету жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы өз Жолдауында педагогтардың жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру білім сапасын арттырудың маңызды факторы екенін атап өткен болатын. 

Жоба аясында мұғалімдерге тегін онлайн-оқыту мүмкіндігі ұсынылады. Сонымен қатар, білім беру процесіне инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған алғашқы педагогикалық хакатонды өткізу жоспарланып отыр.

Бұл таныстырылым білім беру жүйесін жаңғырту және мектептерде заманауи цифрлық технологияларды кеңінен қолдануды қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болды.

Сондай-ақ оқыңыз: