Ақ халаттылар марапатталды
Ақ халаттылар адам саулығы үшін күні – түні кірпік қақпайды. Ауруға ем іздеп, ажалмен алпарысады. Сондықтан да дәрігерлер әр қашан құрметке лайық. Әсіресе кәсіби мерекесінде назардан тыс қалмауы тиіс. Бүгін облыс орталығы Қонаевта, медецина қызметкерлері төрге озды, құрметке бөленді. 20-дан астам майталман маман марапатталды. Салтанатты шара туралы толығырақ сюжеттен көрейік.
Мерекелік шара Қонаев қалалық мәдениет сарайында өтті. Салтанатты рәсім мемлекеттік әнұранмен басталды. Артынша қызмет барысында қаза тапқан медицина мамандарын әріптестері бір минут үнсіз еске алды. Мінберден сөз алғандар антына адал, кәсіне майталман мамандарға жылы лебіздерін арнап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
АЙМАН РАҚЫШЕВА
ҚОНАЕВ КӨПСАЛАЛЫ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Әуелі Президенттің одан кейін облыс және қала әкімінің қолдауымен біздің өңірдің медицинасы тың жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Биылғы жылы бізде республикалық деңгейде жасалатын көптеген жоғары технологиялық оталар енгізілді. Қонаев көпсалалы ауруханасының директоры ретінде өз атымнан осындай қолдаулар болып жатқанына зор ризашылығымды білдіремін.
Қала әкімі де медицина қызметкерлерін арнайы құттықтады. Бұдан әрі Алматы облысы әкімінің атынан 20-дан астам медицина қызметкері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Олардың көпшілігі ондаған жылын осы мамандыққа арнағандар.
ЖӘНІБЕК СЕРІКБАЙ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ КӨПСАЛАЛЫ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ
Біздің ұжым өте жақсы ұжым. Әріптестеріміз үшін өте қуаныштымын. Бүгін бәрімізді құрметтеп қолпаштап жатыр. Әрине, осындай қолдаулардан кейін мен тіптен белсене жұмыс істеп, ең білікті маманға айналғым келеді.
Мерекелік шара аясында сала үздіктері де құрмет төріне озды. Яғни "Үздік дәрігер", "Үздік медбике", "Үздік фельдшер" және "Үздік техникалық қызметкер" аталымдары бойынша сертификаттар табысталды.
ҚУАНЫШ ТЕЛАҒЫСОВ
ДӘРІГЕР АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ
менің атам Фельдшер болып жұмыс істеді, мен ақ халат киюді сол бала кезімнен армандадым. Мен бұл мамандықты өте жақсы көремін және бұл манің сүйікті кәсібім. Ал бұған дейін де менде марапаттар болды. Десе де бұл жетістік науқастардың өмірін сақтау үшін күнделікті тынбай жұмыс істейтін барлық медицина қызметкерлерінің еңбегі деп білемін.
Мерекелік шара соңы елге танымал өнер иелерінің көңілді концерттік бағдарламамен түйінделді.