Дәрігерлерге құрмет

Райымбек ауданында да медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең ауқымда аталып өтті. Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиынға өңірдегі ақ халатты абзал жандар қатысып, сый құрметке бөленді.

Мерекелік шара барысында аудан әкімі сала дамуына үлес қосып жүрген мамандарды кәсіби мерекемен құттықтап жылы лебізін арнады. Әрі бірқатар қызметкерлерді марапаттады. 


РУСЛАН ЕРЛАНҰЛЫ
РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
“Жалпы біздің ауданда бүгінгі таңда 65 дәрігер жұмыс жасайды, 238 орта буынды медицина қызметкері аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде. Жалпы соңғы 3 жылда біздің ауданға 30 ға жуық жас мамандар келді.“


Қазір ауданда денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл 250 орындық жаңа емхананың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарға тұрғын үй және әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Қазіргі таңда орталық емхана құрылысы 95 пайызға аяқталды. Нысан алдағы айларда ел игілігіне беріліп, аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік тудырмақ. 


ДҮЙСЕННҰР ШЫНЖЫРБАЕВ
РЕАНИМАЦИЯ ЖӘНЕ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
“Ал құрметті әріптестер! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Денсаулықтарыңыз мықты, жұмыстарыңыз табысты болсын. Халыққа қызмет етуден шаршамаңыздар. Халықтың алғысын ала беріңіздер. Мен енді міне 34 жыл болды, осы ауруханада істеп келе жатқаныма, сол еңбегімді елеп әкімшілік “Медицина саласына қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапаттады. Рахмет бәріне! Ауырмаңыздар, аман болыңыздар!”


Соңғы бес жылда ауылдық округтерде жаңа медициналық пункттер салынып, бірқатар нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал биыл ауданға хирург, лор, офтольмолг, дермативинолог мамандары келсе, саладағы кадр тапшылығы толық шешімін табады деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз: