42 қаржы пирамидасы жойылды

Елімізде 42 қаржы пирамидасы жойылды. Олардың халыққа әкелген шығыны 20 миллиард теңгеден асады. Ресми дерекке сүйенсек, сол қыруар қаржының 13 миллиарды зардап шеккен азаматтарға қайтарылған. 
Өңірлік Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған жиында өзге де деректер айтылды. Мәселен, былтыр тағы 36 қылмыстық ұйым құрықталып, 12 жарым миллиард теңгенің мүлкі мұздатылған. Сондай-ақ, әлемжеліде халықты алдап арбаған 7 мыңнан астам күмәнді сайт толықтай бұғатталды. Мамандар мұндай айла-шарғыдан қорғану үшін цифрлық кеңістіктегі сауаттылық ауадай қажет дейді. Осы мақсатта жергілікті мемлекеттік және әскери қызметшілерге арнап «Қаржылық қауіпсіздік» форумын өткізді. Шараға облыстық Прокуратура мен Полиция департаментінің өкілдері де қатысты. Басты міндет, заманауи кибер қауіптердің жолын кесу. 

МЕРУЕРТ ЕРКІНҚЫЗЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Жыл сайын өткізілетін форумның, форум болып табылады. Үш жыл қатарынан жүргізіліп отыр. Біздің басты мақсат осы қылмыстардың алдын алу. Себебі бұндай қылмыстарды ашу өте қиын, қиындық тудыртып жатады. Яғни, неғұрлым ұзақ өткен сайын оны ашу қиындай түседі. Сол себепті, қазағымыз айтпақшы, "ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" дейді. Сол үшін қылмыстың алдын алу мақсатында осы форум тәрізді түрлі превентивті іс-шаралар өткіземіз, өткізетін де боламыз.

Сондай-ақ оқыңыз: