Уақытша жұмыспен қамту

Алматы облысында жастарды жаз мезгілінде уақытша жұмыспен қамтуға арналған игі жоба биыл екінші рет жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама «Менің жазғы демалысым» деп аталады.

Жобаның басты көздегені – мектеп оқушылары мен студенттердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру. Сондай ақ оларға алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беру. Бүгінде өңір бойынша 200-ден астам жас уақытша жұмысқа орналасып, еңбек жолын бастап кетті. Жалпы 400 мектеп оқушысы мен студентті жұмыспен қамту көзделіп отыр. Бағдарламаға қатысатын 14–15 жастағы жасөспірімдер күніне 5 сағаттан, ал 16–18 жастағы жастар 7 сағаттан артық жұмыс істемейді. Қатысушылар еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстанып, жалақыларын белгіленген тәртіппен алады. 

ДАРХАН ЕРДӘУЛЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Енді былай айтсақ, бұл кісілерге андай жұмыстар ұсынылмайды, жаңағы алкоголь сатылатын жерде, темекі ішетін жер, сондай қаупі бар жерлерге жұмысқа мүлдем тыйым салынады. Мұны негізі бізде мониторинг группа бар, өкілетті орындар және біздің мансап орталықтары мониторинг жүргізіп отырады. Егер де сондай жерде жұмыс істеп жататын болса, автоматты түрде ол базадан бұғатталды. 

Сондай-ақ оқыңыз: