Қонаевта «Табиғат қанатында Taza Life» атты экологиялық шара ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қонаевта «Табиғат қанатында - Taza Life» атты экологиялық шара ұйымдастырылды. Халықаралық құстар күніне орай өткізілген бұл игі бастама құстарға қамқорлық идеясын  насихаттайды. Акция барысында өңір жастары мектеп аулаларына құс ұяларын орнатып, табиғатқа  жанашырлық көрсетті. Игілікті шара жыл сайын наурыз айында  дәстүрлі түрде өткізіледі. Биыл да игі іс жалғасын тауып, мыңнан астам құс ұясы орнатылды. «Оқушылар қоршаған ортаны қорғап, құстарға қамқорлық жасап үйренуі керек» дейді ұйымдастырушылар.

МАҚСАТ КЕНЕШОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұл жұмысымыздың барлығы  сәуір айының соңына дейін өзінің жалғасын табатын болады. Жалпы бұл шараның мақсаты жастардың арасында экологиялық мәдениетті қалыптаствру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру олардың жаңағыдай жалпы табиғатты аялауға шақыру.

ӘЛІМЖАН ТҰРДАЛИЕВ
ОҚУШЫ
Мен құстарды өте жақсы көремін, олар мен үшін еркіндіктің нышаны. Сондықтан табиғатқа, туған қаламызға пайда тигізу мақсатында осы акцияға қатысудамын.

Сондай-ақ оқыңыз: