Іле ауданында 30 мыңнан астам жас көшет отырғызылады

Іле ауданында 30 мыңнан астам жас көшет отырғызылады. Бұл -  жаңа теміржол құрылысы кезінде кесілген ағаштардың орнын толтыруға арналған экологиялық бастама.  Осылайша  жасыл желекті қайта қалпына келтіру арқылы өңірдің экологиялық тепе-теңдігін сақтау көзделген.

Осыдан бірнеше жыл бұрын «Алматы» станциясы торабын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталған еді. Ауқымды жоба аясында мыңдаған ағашты кесуге тура келген. Алайда, еліміздің экологиялық заңнамасына сәйкес, әрбір кесілген түп ағаш үшін он есе көп көшет отырғызылуы тиіс. Бүгінде сол міндеттеме орындалып, Іле ауданының аумағында 30 мың қарағаш пен 10 мыңға жуық қылқанжапырақты ағаш егіліп жатыр.

АЛМАС БӨКЕНАЕВ
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Компенсацияға жасалып жатқан әр округтарға да... қай округ қандай заявка берді оның көлеміне байланысты кішігірім сквері бар үлкен паркі бар. біреуіне мың хвойный береді біреуіне 500 ол тоже қарастырылған. ол аудан деңгейінде бүкіл округтарға жүргізілетін болады»

Жасыл желекті егу жұмыстарымен арнайы Түркістаннан келген мердігер компания айналысуда. Қазіргі таңда нысанда 35-ке жуық маман еңбек етіп жатыр. Қарқын жоғары, жұмысшылар күніне 2000-нан астам көшетті жерсіндіруде. Барлық жұмысты бір жарым ай ішінде толық аяқтау жоспарланған.

СӘБИТ ҚАРАҚҰЛОВ
УЧАСКЕ БАСШЫСЫ
«Үш күн болды бастағанымызға. жалпы осы күнде бір, алты мыңын отырғызып қойдық. тағы да күнделікті партия келіп жатыр. және оған қосымша астына ылғал ұстап тұратын гидрогель деген қосымшаларды қосып отырғызып жатырмыз. биыл отырғызып бітсек соңғы екі жылда күтіп баптау ол біздің құзырымызға кіреді».

Бұл отырғызылып жатқан жас көшеттер ақши ауылының шыға берісінен бастап 15 шақырымға созылған тірі дәліз. мамандар бұлардың сапасына ерекше мән беруде, сондықтан да болашақта, өткен жолаушылар тамсанатын үлкен жасыл белдеуге айналмақ.

Жалпы жоспар бойынша, 30 мың қарағаш жол бойына егілсе, қалған 10 мың қылқанжапырақты ағаш Іле ауданына қарасты ауылдардың ішін көгалдандыруға жұмсалады. Осылайша, теміржол құрылысы кезіндегі шығын он еселенген жасыл қормен толық өтелмек.

Сондай-ақ оқыңыз: