Балқаш ауданындағы «Бақанас мектеп-интернаты» интернет игілігін көріп отыр
Балқаш ауданындағы «Бақанас мектеп-интернаты» интернет игілігін көріп отыр. Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларын оқытатын білім мекемесінің инфрақұрылымы жылдан жылға жаңарып келеді. Қамқоршылық кеңестің қолдауы арқасында мектепке тігін машинкалары орнатылып, еңбек сыныбы ашылды.
Мектеп-интернатында оқушылардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Жайлы жатақхана, таза асхана мен қажетті тұрмыстық инфрақұрылым бар. Мектепте біліммен бірге тәрбиеге де айрықша мән беріледі. Демеушілер мектептің оқу-тәрбие процесінің дамуына үлес қосып келеді. Бүгінде бұл жерде 106 бала білім алады. Интерактивті тақтадағы жасанды интелектпен жасалған әдістемелер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
ГҮЛЖАХАН ДҮМШЕБАЕВА
БАҚАНАС МЕКТЕП - ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Қамқоршылық Кеңесі арқылы көрсетілген қоладаудың нәтижесінде мектеп оқушылары оқу құралдарымен, мектеп формасымен қыстық аяқ киіммен, сырт киіммен қамтамасыз етіліп отырады. 00:01:14 СКЛ 00:01:33 «Осындай игі бастамалардың арқасында мектебіміздің оқушылары сапалы білім алып қана қоймай, өз қабілеттерін дамытуға кең мүмкіндікке ие болуда.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нарымбет Тұлғабайұлының бастамасымен мектепте заманауи тігін кабинеті ашылып, қажетті құралдармен жабдықталды. Қыздар қолөнерді меңгеріп, ұлттық нақыштағы бұйым тігуді үйренуде. Сонымен қатар жаңа еңбек сыныбы ашылды. Оқушылар шеберханада ағаш пен металл өңдеуді меңгеріп, түрлі құрал жасайды.
АСҚАР ЫБЫРАЕВ
«БАЛҚАШ ЖОЛДАРЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Балалар біздің болашағымыз. Келешекте олардың еңбекке баулуын, үйренуіне жол салу. Бәрін алдыға тартқанға, тәрбиелеуге үлкен мән бар. Жылда Наурыз мерексінде балаларға сыйлығымыз болады аздаған.
Наурыз мерекесі қарсаңында, әрі Рамазан айына орай берекелі дастархан жайылып, наурыз көже берілді. Игі шараға танымал өнер жұлдыздары қатысып, кештің көркін қыздырды.