Талғар ауданында алғаш рет отаны робот жасады

Талғар ауданындағы халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығында алғаш рет отаны робот жасады. Мүмкіндігі мол жаңа құрылғы аурухана меншігіне сатып алынған. 

Мына залда отаны робот жасап жатыр. Иә дұрыс естідіңіз кәдімгі құлтемір. Операция алдында пациент компьютерлік томография жасалып,  буынның 3D-моделі құрастырылған. Ал Қазір роботталған жүйе хирургқа протезді миллиметрлік дәлдікпен орнатуға көмектесуде.

Роботтандырылған жүйе тізе буынын толық немесе ішінара алмастыруға, сондай-ақ жамбас буынын протездеу операцияларында қолданылады. Алғашқы оталар  Ресейден келген халықаралық нұсқаушымен бірлесіп жасалды. 

ЕРСІН ЖҮНІСОВ 
МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ 
«Көбі роботпен жасатқысы келіп жатыр. Үйткені бұл жерде дәстүрлі технологияға қарағанда тілік кішкентай. Содан кейін робот дәл көрсетеді. Ең бастысы операциядан кейін ерте аяққа тұрады. Реабилитация қажет емес. Екі тізеге, екі жамбасқа бірдей жасауға болады. Онымен қоса бұл роботтың құрамында кей жастарға ота жасайтын кезде жартылай буын алмастыру отасын жасау»  

Алғашқы 3 науқасқа ота МӘМС есебінен жасалуда. Осы мүмкіндікке ие болып заманауи құрылғыға сенім білдіргендердің бірі Айсұлу Асанбаева. Ол  « Отаны  робот жасайтынын естігенде  қорыққаным рас» дейді.  

АЙСҰЛУ АСАНБАЕВА 
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Ең бірінші инстаграмнан көрдім. Ол кезде қолжетімсіз шығар деп ойладым. Содан кейін осы жақтан хабар келді. Сізді осы 18 күніне порталға еңгізсек келісесіз бе деді. Енді бірінші робот жасайды деген соң қорықтым. Хабарласқанда сенбедім.»

Бұл Қазақстан бойынша орталық иелігіндегі екінші робот. Алдағы уақытта заманауи медициналық құрылғы көмегіне  көрші  елдің емделушілері  де жүгінуі мүмкін дейді мамандар. Себебі еліміздегі қызмет құны  қолжетімді болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз: