Әлеуметтік осал топтағы 22 отбасына баспана кілті табысталды

Жыл басы әз наурыз мерекесіне орай Талғар ауданында әлеуметтік осал топтағы 22 отбасына баспана кілті табыс етілді. Көктемнің шуақты мерекесінде тұрғындардың көптен күткен тілегі орындалды.

Қасиетті рамазанның соңғы күні, күн мен түн теңелген ұлттың ұлық мерекесінде ақ түйенің қарны жарылды. Әз наурызда қуанышы қостан келген көп балалы әрі  мүгедек перзент асырап отырған аналардың бірі Зулфия Жантасова. Осыған дейін әр жерде пәтер жалдап тұрып келген. Енді міне үш бөлмелі үйге қолы жетті. 

ЗУЛЬФИЯ ЖАНТАСОВА
ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«4 балам бар. Күйеуіссен отбасында 6 адам тұрамыз, осы күнді көп күттік. 10 жыл кезекте тұдық. Мына мүгедек балам бар. Енді қуаныштан алғыстан өзге айтарымыз жоқ. » 

Осы бір сәтті баспаналаы болған 22 отбасы көп күткен еді. Бірі жесір бірі жетім, енді бірі мүгедек баланың асыраушысы болса енді бірі көп балалы ана. Олар бүгін 1 мен 2 және 3 бөлмелі пәтірдің иесі атанды. Ал аудан бойынша жалпы 10 мыңға жуық азамат үй кезегінде тұрса оның 7 мыңнан астамы әлеуметтік осал топтағылар. Сондықтан бұл үрдіс әлі де жалғасады дейді аудан әкімі.

ТАҢАТ АЙДАРБЕКОВ 
ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Барлығы 24 жылдан бастап 359 пәтер алдық. Оның 175 ін беріп болдық бүгінгі 22 мен. Бұл жұмыстар әлі алда жалғасады. Алдағы мереке мейрамдарға байланыстырып, кілттерді ұсынатын боламыз. Бұл жерде пәтерлер дайын тек құжат мәселесі созылып тұр.

Азаматтар бұл алған баспаналарды бастабында жалдап тұрады. Тек комуналдық шығындар мен  аздаған жал ақысы төленеді. Ал артынша пәтердің қалдық сомасын бөліп төлеу арқылы жеке меншікке айналдыруға мүмкіндіктері бар.  

Сондай-ақ оқыңыз: