Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қарасай ауданында 14 отбасы баспаналы болды
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қарасай ауданында 14 отбасы баспаналы болды. Үй кілті әлеуметтік осал топтағы отбасыларға салтанатты түрде табысталды.
Алина Рақымжанова бес баланың анасы. Әрі күтімді қажет ететін ерекше баланы өсіріп отыр. Он жылдай пәтерден -пәтерге көшіп, тағдыр тауқыметін тарттқан ол Наурыз мерекесі қарсаңында 3 бөлмелі пәтердің иесі атанды.
АЛИНА РАҚЫМЖАНОВА
ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«1-2 күн айналасында ғана білдік үй кезегіміздің жылжып, арендный жилье акиматымыз беріп жатқанын. Чат ашып қосып, бізді қуантты. Ал оның алдында жарты жыл бұрын ғана үй кезегіміз 1043 болатын. Сол ойладым, әлі де 5-6 жыл күтетін шығармыз деп. Бірақ осы қасиетті айда наурызға акиматымыз бізге тосын сый жасады.»
«Қарлығаш» ықшамауданындағы тұрғын үй құрылысы бір жылда аяқталған. Жалпы үйлердің көлемі 50 ден 100 шаршы метр аралығында. Адам санына қарай бөлме саны да арта береді. Пәтер кілтін алғаннан кейін үйді әкімдікпен келісе отырып жекешелендіруге де болады. Сонымен бірге «Елтай» мен «Арнау» ықшамаудандарындағы үйлердің құрылысы толық аяқталғанда кезегі келгендер баспаналы болады.
НҰРБОЛ ЖҮНІСБЕК
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«Бүгінгі таңда бөлім тарапынан 2025 жылы 73 ке жуық үй таратылды аз қамтылған отбасыларға, социалдық тұрғыда очередьта тұрған адамдарға. Ағымдағы жылы 2026 жылдың басынан жалпы 41 пәтер таратылды. Ағымдағы жылы ипотепалық бағдарлама бойынша 200 ге жуық үй беру жоспарлануда.»
Қарасай ауданында 370 мыңға жуық тұрғын бар. Оның алты мыңға жуық әлеуметтк осал топтағы азамат үй кезегінде тіркеуде тұр. Биыл 250 үй кілті табысталады деген жоспар бар.