Алматы облысында ірі энергетикалық инфрақұрылым жобасын іске асыру мәселесі көтерілді
Алматы облысында ірі энергетикалық инфрақұрылым жобасын іске асыру мәселесі көтерілді. Осыған орай облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев халықаралық инвесторлармен кездесу өткізді.
Жиында энергетика, технология және мұнай-газ сервисі саласындағы компания өкілдері өңірде жерасты газ қоймасын салу бастамасын таныстырды. Инвестициялық жоба бойынша газды сақтау көлемі 2 млрд. текше метр. Инвесторлар нысан салатын ықтимал алаңдарды талқылады. Сонымен қатар, компания өкілдері цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және энергетикалық серіктес болуға қызығушылық танытты. Бастама өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырып, инвестициялық әлеуетті күшейтуді көздейді.
ҚАНАТ ЕСБОЛАТОВ
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
« Екі млрд. кубка деп жатырмыз ғой сол екі млрд кубқа біздің қазір Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысына қанша бізге керектінің бәрін санап, зерделеп шыққаннан кейін ары қарай жоспар бойынша жұмыс атқаратын боламыз».