Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға  жұмыс сапарында  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысып, инновациялық орталықтағы  жоғары технологиялық жобаларды көрді.

Технологиялық Хаб  базасында креативті индустрия, жасанды интеллект пен старт-ап жобалар іске асырылады. Осы арқылы 300 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда университет жалпы құны 1 миллиард 250 миллион теңге болатын  төрт ірі жобаны жүзеге асырып жатыр.  Мемлекет басшысына Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетімен бірлесе әзірленген микро спутник макеті таныстырылды. Қасымжомарт Тоқаев «Цифрлық технологиялар мен роботты техника» халықаралық институтын, «Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығын» аралап, суперкомпьютер класстерін көрді. Оны құруға 23 миллион доллар инвестиция тартылған.  Класстер күрделі есептеулерді орындау мерзімін айтарлықтай қысқартып, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттырады.  Сондай ақ Президент Ғылыми Қоғамдастықпен кездесуде ғылымды қаржыландыру, аймақтар құру және  кәсіптік, инженерлік-техникалық мамандарды сапалы даярлаудың маңызына тоқталды. Ол еліміздің жаңа Конститутциясына сай ғылым саласы бұдан да жоғары қарқынмен дамитынын айтты. 

Сондай-ақ оқыңыз: