Қарадала өңірінде Шаңырақ күніне орай 12 отбасы баспанала болды

Қарадала өңірінде Шаңырақ күніне орай 12 отбасы баспанала болды. Шонжыда өткен мерекелік іс-шара аясында мерейлі отбасыларға құрмет көрсетіліп, олардың өнегелі өмір жолы насихатталды.

«Алтын шаңырақ» мерекелік шарасында  үлгілі отбасыларға  сый-сияпат табысталды. Бұл – ұрпақ сабақтастығын дәріптеп, отбасы құндылықтарын насихаттайтын маңызды бастама.

СЕРІК СҮЛЕЙМЕНОВ
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«....Шаңырақ күнінде аудан әкімінің мәжіліс залында, меиейлі отбасыларды шақырып сый сыйапат табыстап бәрі риза болып жатыр. Жаңа пәтердің кілтін алып жатса үлкендері наурыз мерекесінің жаңа форматта өтіп жатқандығы, дәл бүгінгі Шаңырақ күнінінің бірінші рет осындай кең көлемде тойланып жатқандығы бәрімізді қуантып жатыр.»

Наурыз мерекесі қарсаңында жаңа үй кілттерін адған ағайынның қуанышында шек жоқ. Жүздерінде қуаныш пен шаттық нұры ойнап, алғыстарын айтты. Бұл – мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықтың, халыққа деген шынайы жанашырлықтың нақты көрінісі

МАЙГҮЛ КҮМІСБЕКОВА 
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
Бұгін 17 наурыз шаңырақ күнінде 9 жыл күткен үйімнің кілтін қолыма ұстап толқып тұрмын. Осыны ұйымдастырып жақсылық жасағанына. Көп көп рахмет

Жалпы, Шаңырақ күні аясында өткен бұл шара – бірлік пен берекені нығайтып, әр отбасының маңызын айшықтаған тағылымды мереке болды. Жалпы соңғы екі жылда ауданда  76 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал үй кезегінде 2600-ден астам адам  тұр.  

Сондай-ақ оқыңыз: